Сейсенбі, 26 Қараша 2024
4278 0 пікір 2 Сәуір, 2018 сағат 09:29

Өзбекстанда колледж студенттері президент алдында "жұмысшылар рөлін" ойнаған

30 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Жызақ облысына сапарлады. Онда ол «Зарбдар тоқымасы» кәсіпорнының жұмысымен танысқан. Алайда Зарбдар ауданы тұрғындарының айтуынша, жергілікті билік президент алдында "шоу көрсеткен".

"Президент Зарбдар ауданына келді. Бірақ жергілікті билік президентті тағы алдады. Оның мұнда көргенінің бәрі көзбояушылық болды. Өйткені сол күні тоқыма кәсіпорнында болған қыздар шын мәнінде ол жерде жұмыс істемейді. Олардың бәрі – жергілікті колледж студенттері. Президент болса жастарды жұмыспен қамтамасыз етті деп мәз болып кетті", - дейді жергілікті тұрғынның бірі.

​Оның сөзінше, 30 наурызда өзі аталған көзбояушылықты тамашалаған.

"Президент келер алдында ауыл шаруашылығы және экономика колледжінің студенттерін дайындады. Оларды президентке айтатын сөздерді жаттатты. Студенттер сонда жұмыс істейтін секілді көрінді", - дейді сұхбат беруші.

Жызақ облысы әкімшілігінің шенеунігі «Зарбдар тоқымасы» кәсіпорны жұмыс істеуге берілгенін, жыл соңына дейін 1060 адамды жұмыспен қамтамасыз ететінін айтады.

"30 наурызда бірінші желі іске қосылады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Сәуір айының соңына дейін 864 адамды жұмысқа алынады. Жыл соңына дейін тағы 196 жұмыс орны ашылады. Жалпы алғанда 1060 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі. Президент кәсіпорынды көріп, қатты қуанды",- деді шенеунік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5962