Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4684 1 пікір 3 Сәуір, 2018 сағат 09:01

Ашхабад полициясы қазақстандық ұн сатқандарды тергеп жатыр

Түркіменстан астанасында полиция қызметкерлері сауда нүктелерін тексеріп, қазақстандық ұн сатқандарды тергеп жүр. Бұл туралы Азатлык радиосына 2 сәуірде Ашхабадтағы шолушы Аманмурат Бугаев хабарлады.

Оның айтуынша, Түркіменстанда Қазақстан мен Ресейде дайындалған ұн үнемі сатылып келген. Өткен жылы жергілікті астық аз жиналып, қара базарда доллар бағамының көтерілуі салдарынан Түркіменстанда ұн күрт қымбаттап кетті.

Бугаевтың хабарлауынша, 2 сәуірде 1 доллар Ашхабадтағы қара базарда 13,8 сатып алынып, 14,10 манаттан сатылған. Қара базардағы доллар бағамы орталық банк бекіткен ресми бағамнан төрт есе жоғары.

2017 жылдың аяғындағы экономикалық қиыншылықтарға байланысты Түркіменстанда Ресей ұнының импорты елеулі түрде азайды. Бірақ өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында Ашхабад базарларында Қазақстаннан әкелінген ұн құнды тауарға айналды.

Бұл тауардың көбеюі мен оның сапасына билік күдікпен қарап, "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар қаптарды мұқият қарап жүр. Сол себепті полиция сатушылардан тауар қайдан келгенін дәлелдейтін құжаттар талап еткен, ал мұндай құжаты жоқ саудагерлер тергеліп жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1357
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2937
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1008
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 949