Сенбі, 23 Қараша 2024
3241 0 пікір 3 Сәуір, 2018 сағат 10:09

Путин, Ердоған және Роухани Анкарада кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин, Иран президенті Хассан Роухани және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 4 сәуірде Анкарада саммит өткізеді.

Саммит қарсаңында Путин мен Ердоған Анкарада Түркия-Ресей ынтымақтастық кеңесі аясында жоғары деңгейде келіссөз өткізеді.

7 наурызда Кремль үш ел басшыларының кездесуі сәуірде өткізілетінін хабарлаған, бірақ келіссөз нақты қай күні және қай жерде өтетінін айтпаған.

Ресей, Түркия және Иран Астанада өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзінде кепіл мемлекеттер деп танылған.

Сириядағы азаматтық соғыста Ресей мен Иран Сирия басшысы Башар Асадты қолдайды, ал Түркия кейбір көтерілісшіл топтарға қолдау көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343