Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4227 0 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 09:01

Қырғыз шекарашылары Өзбекстан аумағындағы өртті сөндірді

Қырғызстан шекарашылары Жалал-Абад облысы Тенги Ала-Бука ауылына қарсы Өзбекстан аумағында орналасқан үйден шыққан өртті дер кезінде сөндіріп үлгерген. Осылай деп Қырғызстанның шекара қызметі хабарлайды.

Ондағы мәліметке қарағанда, өзбек-қырғыз шекарасына жақын орналасқан Өзбекстан азаматының үйінде газ баллон жарылып, үйін өрт шалған. Өртті қырғыз шекарашылары байқаған. Олар бірден Қырғызстан аумағында каналдан ағып жатқан суды жеткізіп, өртті сөндірген.

«Біз Өзбекстан аумағында үйдің өртеніп жатқанын байқадық. Бұл аймақтан шекара сызығы өтеді. Бірден өртті сөндіру үшін суды жеткізуді қамтамасыз еттік», – дейді "Көксерек" шекара бекетінің басшысы Әділет Исраил уулу.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2306
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 593
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 578