Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 9039 4 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 14:06

Еліміздегі Ресейдің әскери базалары жайлы не білеміз?

Кеше біз Қазақстандағы Ресейдің әскери полигондары жайлы жаздық. Енді солар жайлы аз-кем дерек бергенді жөн көрдік. Иә, біле жүріңіз. Ресейдің, орыс армиясының сынақ жасап, оқ атып ойнайтын ойын алаңына айналып отырған – қазақ жері.  Ол жерлерде Қазақстанның үкімі жүрмейді және сөз болып отырған аймақ территориясы жағынан Польша секілді Еуропадағы ірі мемлекеттің аумағымен пара-пар. Қазақстанның тұтастай екі облысын қамтитын жер.  Ол түптеп келгенде Қазақстанның жері. Жалға беру деген – ол меншікке беріп қою деген сөз емес.

Алайда, еліміздегі 7 бірдей әскери нысанды арнайы келісімшарт негізінде Ресей Федерациясына жалға бердік. Бүгінде 11 млн. гектар аумақты алып жатқан сол жеті база Ресей Қорғаныс Министрлігінің иелігінде.

1.Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің №5-ші мемлекеттік сынақ полигоны. Қызылорда облысы аумағында орналасқан, ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағы. 2004 жылы жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.

2.РФ Қорғаныс министрлігінің В.Чкалов атындағы мемлекеттік №929-шы ұшу-сынақ орталығы. Бұл орталықтың штабы Астрахан облысының Ахтубинск қаласында орналасқан.

3.РФ Қорғаныс министрлігінің №4-ші мемлекеттік әртүрлі сынақ полигоны. 1949 жылы құрылған бұл полигон аумағы Атырау және Батыс Қазақстан  облыстарының батыс аймақтары (Нарын құмы) мен Ресей Федерациясының  Астрахан, Волгоград облысының шығыс бөліктерін қамтиды.

4.РФ Қорғаныс министрлігінің №10-шы мемлекеттік әртүрлі сынақ полигоны. Сары-Шаған сынақ алаңы. Бұл сынақ алаңында негізінен әуе күштеріне қарсы сынақтар жүргізіледі. Күні кеше ғана Мәскеуді қорғауға арналған зымыранға қарсы құрылғы сынақтан өткізілді.

5.№5580-ші сынақ жұмыстарын қамтамассыз ету базасы. РФ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы №11 Ембі мемлекеттік сынақ полигоны. Бұл сынақ алаңы Ақтөбе облысы аумағында орналасқан.

6.Ресейдің Әуе күштерінің Ғарыш әскеріне қарасты №3-ші зымыран-ғарыш қорғанысы армиясының радиотехникалық желісі. Бұл нысан Балқаш көлінің бойындағы Приозерск қаласында орын тепкен.

7.Қостанай қаласындағы Ресей Әуе қорғаныс күштері транспорттық авиациясының жеке полкі.

Сонымен, Ресейдің әскери базалары Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Орталық Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай секілді еліміздің ірі 8 облысы аумағында бар екен.

Жалпы қазіргі уақытта шетелдегі ресейлік әскери нысандардың саны күрт азайып, 10 елмен ғана шектеледі. Олар: Абхазия, Армения, Белоруссия, Вьетнам, Қазақстан, Қырғызстан, мойындалмаған Приднестровье, Сирия, Тәжікстан және Оңтүстік Осетия.

Тағы бір дерек. Бұны да біле жүріңіз. Қазақстан мен Ресей арасында әскери байланыстар құжат түрінде бекітілген, ресмилендірілген.

1.Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы. Қасқаша – ҰҚКҰ. Яғни, ұйымға мүше елге қауіп төнген жағдайда ұжымдасып күрес жүргізіледі немесе шара қолданылады.

2.Әскери білім беру туралы келісім.

3.Екіжақты қару-жарақ саудасы жөніндегі келісім. Қару-жарақ пен оған керек-жарақты сатып алу туралы келісім.

4.Бірлескен оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім.

5.Әскери штабтардың қоян-қолтық жұмыс жасау туралы келісім.

6.Әуе қорғанысына ортақ жүйе құру туралы келісім.

Екі Мемлекет арасындағы негізгі келісімдер мыналар:

1.Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери байланысты арттыру жөніндегі келісім жасалды. (1994 жыл. 28-наурыз. Мәскеу)

2.Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін әрі қарай дамыту мен оның құрылымын жақсарту және жұмыс жасау туралы Меморондум қабыданды. (2004 жыл. 9-қаңтар. Астана)

3.Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісімге келді. (2013 жыл. 24-желтоқсан. Мәскеу)

4.ҚР мен РФ арасындағы ортақ әуе қорғанысына арналған жүйе құру туралы келісім жасалды. (2013 жыл. 30-желтоқсан. Астана)

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341