Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2878 0 пікір 26 Қаңтар, 2011 сағат 10:55

Жерді бөліске салу науқаны қайтадан қозатын түрі бар

«Агенттік облыс әкімдерімен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түбегейлі ревизия жүргізіп, 2012 жылға қарай ол жерлерге инвентаризация жүргізу мәселесін пысықтауы керек... Қаржы министрлігі аталған мәселені қаржыландыруды шешуге тиіс, осы мәселені пысықтауы керек... Қазір ауыл шаруашылығы бойынша мал жайылымдарына, шабындықтарға ерекше назар аударыңыздар, себебі мұның барлығы біздің назарымыздан тыс болды. Өйткені мал болмады, ал қазір біз ауқымды бағдарламаны қолға алып жатырмыз («Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы. - ҚазТАГ) және осының барлығына жоғарыдағы жағдай әсер етеді».

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісінде айтқан сөзінен.

ҚазТАГ. 20 қаңтар, 2011 жыл

Ауылдағы ағайын, наза­рыңызда жүрсін: ертерек қам­данбасаңыз, жайылымдық және шабындық жеріңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Мұны жай сөз екен деп қал­маңыз: 2010 жылы 1 млн 100 мың гектар жер жекелеген адам­дардан мемлекет меншігіне тартып алынған. Ал же­ке­шелендіру мәселесін қайта қарауға ниеттенген үкімет мұндай әділетсіз әрекетті биыл тіптен қыздыра түспек.

 

«Агенттік облыс әкімдерімен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түбегейлі ревизия жүргізіп, 2012 жылға қарай ол жерлерге инвентаризация жүргізу мәселесін пысықтауы керек... Қаржы министрлігі аталған мәселені қаржыландыруды шешуге тиіс, осы мәселені пысықтауы керек... Қазір ауыл шаруашылығы бойынша мал жайылымдарына, шабындықтарға ерекше назар аударыңыздар, себебі мұның барлығы біздің назарымыздан тыс болды. Өйткені мал болмады, ал қазір біз ауқымды бағдарламаны қолға алып жатырмыз («Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы. - ҚазТАГ) және осының барлығына жоғарыдағы жағдай әсер етеді».

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісінде айтқан сөзінен.

ҚазТАГ. 20 қаңтар, 2011 жыл

Ауылдағы ағайын, наза­рыңызда жүрсін: ертерек қам­данбасаңыз, жайылымдық және шабындық жеріңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Мұны жай сөз екен деп қал­маңыз: 2010 жылы 1 млн 100 мың гектар жер жекелеген адам­дардан мемлекет меншігіне тартып алынған. Ал же­ке­шелендіру мәселесін қайта қарауға ниеттенген үкімет мұндай әділетсіз әрекетті биыл тіптен қыздыра түспек.

 

Мұндай ақпар Жер ресурс­тарын басқару агенттігінің коллегия отырысында айтылды. Өткен жылы агенттіктің аймақаралық жер инспекциясы жер заңнамасының сақталуына 6 мың 300 тексеру жүргізген. 1 млн 100 мың гектар жердің мемлекетке қайтарылуы, міне, осы тексерудің нәтижесі болса керек. Агенттік төрағасы Өмірзақ Өзбековтің мәлім­деуінше, аумағы 95 мың гектар болатын 254 учаскені мемлекет меншігіне алу шарасы сот ше­шімімен ғана жүзеге асқан. Бұл не деген сөз? Бұл - осынша учаскенің иесі жерді өз еркімен бергісі келмеген деген сөз.

Бір қызығы, ресми мәлі­меттерде тексерудің қандай талаптар бойынша жүргізілгені жөнінде мардымды ақпарат жоқ. Дегенмен Қазақстан Рес­публикасының Жер кодексінде «Мақсаты бойынша пайдала­нылмаған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою» (92-бап) деген бап бар. Онда былай деп жазылған:

Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесі екі жыл ішінде (егер Қазақстан Респуб­ликасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) тиісті мақсатында пайда­ланылмаған жағдайларда, ондай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәж­бүрлеп алып қойылуға жатады. Бұл кезеңге мұн­дай учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты аталған учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді.

Ауылшаруашылық мақсат­тағы жерді тартып алуға осы Кодекстің 93-бабы да негіз болады. Онда жерді ұтымды пайдалану ережелері өрескел бұ­зылса, оны пайдалануда ауыл­шаруашылық жерінің құнар­лылығы төмендесе, экология­лық жағдайдың нашарлауына әкеп соғатын болса, меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлі түрде алынатыны айтылған.

Ендеше, мемлекет мен­ші­гі­не мәжбүрлі түрде қайта­рылған жер кімдерге берілуі мүмкін? Бұл аса өзекті сауал­дың жауабы 94-баптың 4-ші тармағында тұр: Осы Кодекстің 92 және 93-баптарында атал­ған негіз­дер бойынша сот ше­шімімен жер учаскесін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойған жағ­дайда жер учас­кесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесінің мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Респуб­ликасының азаматтық іс жүр­гізу және ат­қарушылық заңда­рында белгі­ленген тәртіппен сауда-сат­тықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.

Конкурс пен аукционның біздің елімізде қалай жүргізіле­тіні жалпақ жұртқа мәлім. Аукцион - ақшалылардың ойыны. Кімнің ақшасы көп болса, кім әкім-қаралардың көңілін таба білсе, аукциондағы жеңіс со­нікі. Өйткені жерді қайтару мен қайта сатуды биліктің жергілікті тармақтары жүзеге асырады.

Жер ресурстарын басқару агенттігінің деректеріне сүйенсек, жерге қатысты аукциондардан биыл аяқ алып жүре алмай қалуы­ңыз мүмкін. Себебі, дәл осы құрылым облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 3 млн гектардай пайдаланылмай жатқан жерді анықтап қойыпты. Бұл - 17 мың учаске иесінің басы дауға түседі деген сөз. Бұл аз десеңіз, агенттік жалпы аумағы 1,6 млн гектар болатын 4 мың 900 учаскені иесіз жер ретінде тіркеген.

Осы шара, бір қарағанда, кедейлердің жерін тартып алып, байларға үлестіру науқа­нына ұқсап кетеді. Неліктен десеңіз айтайық, тексеруге іліккен жер телімдері анау айтқандай пайдаға батыратын аса тиімді жерлер емес. Мәсе­лен, астықты аймақтардың жерін билік өкілдері мен бай-бағландар әлденеше жүз мың гектарлап, әлдеқашан бөлісіп алған.

Ал бүгінгі тексеруде жайы­лымдық пен шабындыққа баса мән беріліп отыр. Агенттік төр­а­ғасына осыны қадап тап­сыр­ған Кәрім Мәсімовтің «Қазір ауыл шаруашылығы бойынша мал жайылымдарына, шабын­дықтарға ерекше назар ауда­рыңыздар, себебі мұның бар­лығы біздің назарымыздан тыс болды. Өйткені мал болмады, ал қазір біз ауқымды бағдар­ла­маны қолға алып жатырмыз», - дегені тіптен қызық. Үкімет басшысы: «Мұның барлығы біздің назарымыздан тыс болды», - деуімен не айтқысы кел­ді? «Халыққа байқамай жер беріп қойыптық», - дегені ме? Қандай мемлекет жер мәселе­сіне «назардан тыс» қарай алады?

Шамасы, кейбір сарапшы­лар­дың пікіріне қарағанда, 90 жылдары жүріп өткен елдегі жекешелендіру саясаты бү­гінде қайтадан қаралуға түсетін сияқты. Қарапайым тілмен айт­қанда, ірі өндіріс орындарында жүріп жатқан жеке мен­шікті қайтадан бөлісу науқаны енді ауылға да келуі мүмкін.

Ең бастысы, халықтың қо­лайына жақпайтын осы науқан Нұрсұлтан Назарбаевтың референдум сияқты аса «нәзік» саясатымен де ұштаспай тұр. Мұны түсіндіру үшін бірнеше сауалды тізбектей қойсақ, жет­кілікті секілді. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер мәселесі талай жылдан бері көтерілмей келіп, неге дәл бүгін күн тәр­тібіне шықты? Референдумды бірінші кезекте қолдауға тиіс ауыл халқын жоғарғы биліктік саясатқа қарсы қоюдың астарында не бар? Жерді тартып алу - онсыз да әрең жан бағып отырған ағайынды қалай ашындырмайды? Референдумды дау­ысқа салу науқанының кеше ғана аяқталғаны белгілі. Ендеше, мемлекет басшысының та­ғы бір 10 жыл тақта отыратын мерзімі анықталатын өліара кезеңде халықты билікке қарсы қоюға кім құштар болып отыр? Әлде бұл халықпен санасудан қалған мемлекеттік саясаттың нақұрыс нұсқасы ма?

Сіздің не ұққаныңызды қай­дам, ал жекелеген сарапшылар жер мәселесінің көтерілуін би­лік­тің өз ішіндегі алауыздықтың бір нышаны деп бағалауда. Бірақ бұл алауыздық Астананың төріндегі Ақорданың маңайын ғана қырық пышақ қылса бір сәрі ғой, оның салқыны алыс ауылда алты саулық, екі ешкісін талғажау етіп отырған қара ха­лықтың қақ маңдайынан тиетін соққы болатын түрі бар.

Қалай болғанда да, аңырап қалма, ағайын, жеріңе ие бол!

«D»

Ғани ҚАЛИЕВ,

«Ауыл» партиясының төрағасы:

«Бір кезде біздің партия жер сатуға қарсы шыққан болатын. Кім өнім өндіреді - жер соған тиесілі болуы керектігін айтқанбыз. «Жер кодексі» қабылданар кезде бізге: «Жер айналысқа түседі, шаш-етектен пайда көреміз. Жер жекеменшікке берілсе, оның күтімі болады, қаржылы адамдар жерді ұзаққа сатып ала алады. Жерді банктерге қойып, несие алуға болады», - деген еді.

Бүгінгі күні сатылған жердің көлемі ресми түрде 0,7 пайызды құрайды.

Банктер жерді салымға алып, адамдарға несие беріп жатқан жоқ. Қазақстандағы 90 пайыз жер - мемлекеттікі. Ол жалға берілген. Бірақ бүгін оны жасырын түрде екінші рет жалға берушілер бар. Мұны неге ешкім тексермейді?

Меніңше, жер мемлекеттікі болған соң, оның мемлекетке қайтарылғаны, әрине, дұрыс. Бірақ ол жер ертең кімге беріледі? Тағы да олигархтарға ма, болмаса шаруа адамдарына ма?

Жайылымдық жерлер неге игерілмей жатыр? Оны жалға алғандар жалқаулық танытты ма немесе үкімет қолдамаған соң, шаруа адамдары жерді игере алмады ма? Ең алдымен осы мәселені талқылау керек! Өкінішке қарай, мұны талдаған ешкім жоқ. Тоқсаныншы жылдан бері жайылымдық жердің 70 пайызға жуығы пайдаланылмай жатыр, егіншілік жерлер мен суармалы жерлер азайып кетті. Мұны кім тексеріп жатыр? Ғалымдар мен ауылды жерлердегі мамандардың басын қосып, бұл мәселені талқылап жатқан үкімет жоқ.

Қазір малдың 80 пайызы жекеменшіктің қолында. Оның өзінде бірер ірі қарасы мен санаулы ұсақ мал ұстаған халық малын қайда апарып жаярын білмей қиналады. Малға шұрайлы деген жерлерді аң аулап, ермек ету үшін байлар алып алған деген қауесет бар. Оның анығы қандай? Шын мәнінде, жер бүгін кімнің қолында - бұл тегіс саралануы керек.

Кез келген дамыған елде кез келген мәселе оның ішінде жер мәселесі де ғылыми тұрғыдан қаралады. Біздің елде жер мәселесімен ғалымдар айналыспайды, олар бұл мәселеге тіпті қатыстырылмайды».

 

Балташ ТҰРСЫМБАЕВ,

қоғам қайраткері:

«Жерді тексеру, есепке алу туралы біз көп уақыттан бер айтып келе жатырмыз. Жерді жекеменшікке айналдырғанымызға да оншақты жыл болып қалды ғой.

Бірақ жер алғанымен, оны құнарландырып, күтіп-баптап, одан түсім тауып жатқандар санау­лы. Өзге мемлекеттер сияқты ауыл шаруашылығы өндірісін дамыта алмадық. Мұны біздер үнемі сынап келдік. Енді бұған үкіметтің де көзі жетіп, сол сыннан бір қорытынды шығарайын деп жатқан болар.

Мемлекет жайылымдық жерлерді, мал шаруашылығымен айналыспаған, еңбек етпеген, жерді күтпеген адамдардан қайтарып алып, оны халықтың ортақ пайдалануына беруге тиіс.

Неге десеңіз, кешегі ұжымшар мен кең­шарлардың, бөлімшелердің жұрнақтары әлі бар. Онда адамдар аздаған малдарын бағып, күн көріп, өмір сүріп жатыр. Халық сол аздаған малын көбейтіп, мал өнімін өндірумен айналыссын, ауыл шаруашылығын дамытсын.

Егер осы бағытта жұмыс істесе, онда үкімет дұрыс бағытта, ал егер «жерді мемлекетке алдық» деп, ертеңгі күні өздерінің айналасында жүрген алпауыттарға қайтадан бөліп беретін болса, үкіметтің бүгінгі ісінен еш нәтиже шық­пайды. Үкімет бүгін жерге қатысты бірінші қадам жасады, ал екінші қадамы қандай болады - оны енді уақыт көрсетеді».

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 03 (86) 26 қаңтар 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347