Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4461 1 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 08:39

Есім туралы...

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап дәурені дәуірлеп, әлемге атағы жайылып, дүркіреген әнші болыпты. Кремльдің өзі тамсана тыңдап, концертке таңдап қосыпты. Басына бақ қонып, халықтың алақанында жүріпті, тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, шексіз қошеметіне бөленіпті.

Сұлу дауыс пен ерекше талантына үлкен-кіші, алыс-жақын түгел тәнті екен. Құрым халықтың ішінде Баян атты бойжеткен де бар зейінімен ән тыңдап жүріпті, бар сырын Балтабай ағасымен бөлісіп. Осыдан шаңырақта сәби туса - атын айтулы әншінің құрметіне қояр едім деп ізгі арманын аялай беріпті.

Арада он жылдан аса уақыт өтеді. Бойжеткен інілі болыпты. Ауылдың үлкендері жиылып, біздің үйге "бауы берік болсын" айтып, түрлі есім сайлап келген. Сол кезде топ алдына шығып "Құрметті апа-аталар, балаға "Мүсілім" деп ат қою - талай жыл күткен қуаныш, сарғайған сағыныш, үкілеген үмітім еді. Рұқсат етсеңіздер, жолды мен алайын?" депті. Қыздың қалауы "болсын" деп шешіпті көпшілік.

Тілегі қабыл болған әпкем мені жетелеп музыка мектебіне апарған. Мықты шеберден таңдап домбыра алғызған. Колледж бен консерваторияның табалдырығын аттатты. Солай жолымызды музыка саласына бұрған. Магомаевтай болмасақ та, әншінің аты үлгі ретінде үнемі айтылып, санамызда жаңғырып тұрды. Әкем интернет деген нығметпен дос, мониторға телміріп үңілген күйі әншінің талай концерті мен интервьюін қайыра көріп, соңғы шыққан кітабын бір деммен оқып, ескі кумирімен қайта қауышты. Алған әсерін дереу қарындасы Баянға жеткізді. Сол жерде екеуінің де жанары жасаурап, көңілі босап...

Бір күні әкем "шырағым, әрі-бері жүргенде жолың түссе, осы азаматтың басына барып дұға етші" деген. Сол аманаты бүгін іске асты. Әзірбайжан халқының айтулы азаматтары жатқан қала ортасындағы көне қорымда әйгілі Рашид Бейбутов, Бюлбюл, Гейдар Алиев, әкелі-балалы Муслим Магомаевтар жатыр екен. Есімі бейтаныс қаншама тұлғалар...

Ұлтын асқақтатқан ұл-қыздардың алды әрдайым жарық болғай.

Мүсілім Әмзе

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435