Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3838 0 пікір 28 Қаңтар, 2011 сағат 01:03

Жамбыл облысының әкімдігінде жаңадан кадрлық тағайындаулар орын алды

Тараз. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Жамбыл облысының әкімдігінде кадрлық тағайындаулар орын алды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл облысы аппаратының бастық орынбасары болып Бақтияр Артаев тағайындалды. Ол бір жылдан астам уақыт облыстық туризм және дене шынықтыру мен спорт басқармасын басқарған.

Афина Олимпиадасының чемпионы 27 жасар Б. Артаев М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген, заңгер, менеджер, дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бар. ҚР ІІМ ішкі істер әскерлерінің спорт жөніндегі аға инструкторы, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауыл округының әкімі болып қызмет атқарған.

Жамбыл облысының әкімінің өкімімен облыстық әкімдіктің туризм және спорт пен дене шынықтыру басқармасының бастығы етіп Гамлет Қайнарбеков тағайындалды.

42 жасар Қайнарбеков бұрындары Алматының бизнес құрылымдарында, Қызылорда және Жамбыл облыстарының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. 2010-шы жылдың ақпанынан Жамбыл облыстық аппаратының кадрлар бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен басқа жұмысқа аусуына байланысты облыс аппаратының бастық орынбасары қызметінен Андрей Савченко босатылды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279