Астана әкімшілігі Орынборда Достық бағын екпекші
Алматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Астана әкімшілігі Орынборда Достық бағының негізін салмақшы. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі бейсенбі күні хабарлады.
«Бүгін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековтың Орынбор мэрі Юрий Мищеряковпен келіссөздері болды. Келіссөздер барысында Орынборда Достық бағын ашудың ұйымдастырушылық тұстары сөз болды. Онда қазақтың алғашқы Алаш үкіметінің көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлерінің кеуде мүсіндерін орнату жоспарлануда. Бірлескен жобаны Орынбор және Астана әкімшіліктері бірлесіп атқарады деп болжануда», - делінген хабарда.
З. Тұрысбековтың пікірінше, достық бағы, Қазақстанның алғашқы және қазіргі астаналарының байланысының, сабақтастығының символы ретінде бауырлас халықтардың тарихи мәдени-тарихи мұрасын дәріптеу мен сақтауда айтарлықтай үлес қосады.
Өз кезегінде Ю. Мещеряков, қазақстандық тарапты, қала басшылығы қазір Достық бағын салуға жер учаскесін бөлу мәселесін және аталған мәдени-гуманитарлық жобаны іске асырумен байланысты басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді шешіп жатқаны туралы хзабардар етті.