Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2952 1 пікір 13 Сәуір, 2018 сағат 08:55

Ильхам Әлиев президенттік сайлауда жеңіске жетті

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетті. Сайлауға негізгі оппозициялық партиялар бойкот жариялаған.

Әзірбайжан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушы дауыстарының 94 пайызы есептелген уақытта, Ильхам Әлиевке сайлаушылардың 86 пайызы дауыс бергені анықталды. ОСК мәліметі бойынша, сайлаушылардың 74,5 пайызы дауыс беруге қатысқан. Осылайша Әзірбайжанда 2003 жылы билік басына келген Ильхам Әлиев төртінші президенттік мерзіміне сайланды.

Әлиев билік басындағы "Жаңа Әзірбайжан" партиясы атынан сайлауға түсті. Халықаралық Human Rights Watch (HRW) ұйымы сайлаушылардың "шынайы таңдау" жасауға мүмкіндігі болмады деп мәлімдеді.

"Мен халқымның жетістіктеріміз бен жеңістеріміз үшін дауыс бергені үшін алғысымды білдіремін. Халық тұрақтылық, қауіпсіздік және даму үшін дауыс берді", - деді Әлиев.

Әзірбайжандағы басты оппозициялық партиялар сайлау нәтижелері бұрмаланады деп қауіптеніп, оған бойкот жариялаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499