Талдықорғандағы Азиада Алауының эстафетасымен қазақтың «Қара жорға» биін орындаушы мыңдаған бишілер қосарлана жүрді
Талдықорған. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Азиада Алауының Талдықорғандағы эстафетасымен қазақтың «Қара жорға» биін орындаушы мыңдаған бишілер қосарлана жүрді. Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, эстафета Жетісу мемлекеттік университет стадионында бастау алып, 2 кезеңмен өтеді.
Алматы облысының грек-рим күресінен бас бапкер Көкебаев Азамат өзінің шырағдан алып жүретін жолын түйе керуенімен жүріп өтті, ал олимпиаданың қола жүлдегері Мәулен Мамыров орталық алаңда алау құтысын тұтандырды. Осында мерекелік гала-концерт болды.
Хабарда айтылғандай, факел алып жүрушілер әр түрлі көлік құралдарында: Азиада логотипімен безендірілген атпен, велосипедпен, автомобильмен жүрді. Эстафетаны олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Асхат Жіткеев аяқтап, Алауды «Жастар» сарайына алып кірді. Мұнда Алау эстафетасының Алматы облысындағы салтанатты аяқталу рәсімі өтеді.
Алау эстафетасына барлығы 60 адам: спортшылар, ғалымдар, кәсіпкерлер, ардагерлер, қоғамдық және саяси қайраткерлер қатысты. Алау эстафетасын тамашалауға қала көшелеріне 60 мыңдай адам шықты.
Эстафета ұйымдастыруға облыстық бюджеттен Т22 млн теңге қаражат бөлінді.

Еске салсақ, 2011-ші жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Алауы Эль-Кувейтте 11-ші қаңтарда тұтандырылып, Алматыға 12-ші қаңтарда Кувейттен келген болатын. Одан кейін Азиада Алауының эстафетасы Алматы көшелерімен өтіп, Қазақстанның облыс орталықтарын аралап, 20 күндік шеруге кетті. Эстафета Қазақстанның барлық аймақтарына барып, Астанаға 30-шы қаңтарда, «Астана-Арена» футбол стадионында Азиаданың ашылу салтанатының басталу шағында мәреге жетеді.
Азиада Астана мен Алматыда қаңтардың 30 мен ақпанның 6-сы аралығында өтеді.