Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4766 0 пікір 28 Қаңтар, 2011 сағат 04:17

Бауыржан Берікұлы. Ұрлық па, ұқсастық па?

«Қазақ әдебиетi» (31.07.2009) газетінде әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова: «Адам болған соң, ойланатын болған соң және бiр ортада, бiр мәдени-тарихи жағдайларда ғұмыр кешетiн болған соң бiреуге келген ой, идея екiншi бiреуге де келуi мүмкiн. Тiптi, әрi-берiден соң әлем әдебиетi, мәдениетi, сюжеттер, идеялар бүкiл адамзатқа ортақ, әрi бiрiнен-бiрiне көшiп жүретiнi де белгiлi», - деп жазған болатұғын.

Біз төменде келтіріп отырған ақындар ойды, идеяны, өлең шумақтарын бір-бірінен айна-қатесіз көшіріп алған немесе ұрлаған деуден аулақпыз. ...Иә, идеялар адамзатқа, қала берді - ақындарға да ортақ болғандықтан, бірінен-біріне көшіп жүретіні де қалыпты жағдай...

Мысалы, Жұбан Молдағалиев «Мен қазақ әйеліне қайран қалам!» деген өлең жазған. Сол сияқты, Исрайыл Сапарбай да «Мен қазақ  қыздарына қайран қалам!» деп өлең жазды.

Бетке айтқанды ұнататын ақын Байбота Серікбаев ағамыз осыған байланысты:

Көзіме өзім сенбей қайран қалам,

Әйел де, қыз да жақсы-ау жайраңдаған.

«Ұрлықтың түбі - қорлық» деген сөзді

«Қазақ әдебиетi» (31.07.2009) газетінде әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова: «Адам болған соң, ойланатын болған соң және бiр ортада, бiр мәдени-тарихи жағдайларда ғұмыр кешетiн болған соң бiреуге келген ой, идея екiншi бiреуге де келуi мүмкiн. Тiптi, әрi-берiден соң әлем әдебиетi, мәдениетi, сюжеттер, идеялар бүкiл адамзатқа ортақ, әрi бiрiнен-бiрiне көшiп жүретiнi де белгiлi», - деп жазған болатұғын.

Біз төменде келтіріп отырған ақындар ойды, идеяны, өлең шумақтарын бір-бірінен айна-қатесіз көшіріп алған немесе ұрлаған деуден аулақпыз. ...Иә, идеялар адамзатқа, қала берді - ақындарға да ортақ болғандықтан, бірінен-біріне көшіп жүретіні де қалыпты жағдай...

Мысалы, Жұбан Молдағалиев «Мен қазақ әйеліне қайран қалам!» деген өлең жазған. Сол сияқты, Исрайыл Сапарбай да «Мен қазақ  қыздарына қайран қалам!» деп өлең жазды.

Бетке айтқанды ұнататын ақын Байбота Серікбаев ағамыз осыған байланысты:

Көзіме өзім сенбей қайран қалам,

Әйел де, қыз да жақсы-ау жайраңдаған.

«Ұрлықтың түбі - қорлық» деген сөзді

Қалайша тауып айтқан қайран бабам?!. - деп жазған болатын. Мұндай үрдіс (ұқсастық) әлі де бар, қазіргі жас ақындарымызды да айналып өтпеген екен. Осыған орай, енді Гүлнәр Салықбай, Алмас Темірбай, Болат Шарахымбай, Асылзат Арыстанбекқызы, Ықылас Ожайлардың өлеңдеріне кезек берсек.

Мәселен, А.Темірбай «Дұға» өлеңінде:

Айым туып солымнан,

Адасайын жолымнан!

Жеті басты жалмауыз

Жетелесін қолымнан!

Қу жиылсын қасыма,

У бұйырсын асыма!

Бұлдырықтай оқ жаусын

Жұдырықтай басыма!

Маңдай терім құрысып,

Самай терім тырысып!

Жат жерінде жатайын

Өзі-өзіммен ұрысып!

Тақтан тайсын тақымым,

Жатқа айналсын жақыным!

Өмірем қап, өлеңім,

Адыра қал, ақылым!

Жүйкем, жүндей бұрқыра,

Шыбын жаным, шырқыра!

Итім өліп ішімде,

Иісі шықсын сыртыма!

Отыз омыртқам, үзіліп,

Қырық қабырғам, қақыра!

Ібілістің іліміне қызығып,

Кір тигізсем,

Тіл тигізсем

Ақын деген атыма!!! (А. Темірбай - «Аллажар», 2004 жыл, Көкшетау. 7-8-бет.). Енді, А.Темірбайдың осы өлеңіне ұқсайтын - Ы.Ожайдың «Ант» деген өлеңін оқыңыз:

Іш-сыртым иістеніп, іріңдеп,

Ит талап жүрегім жыртылсын.

Қабырға сүйегім сөгіліп,

Тіл-жағым түбінен қырқылсын.

Тәнімнен періште дүркіреп,

Жын-шайтан төсімді таптасын.

Көзіме көк шыбын үймелеп,

Көріме көртышқан қаптасын.

Анамның ақ сүті ар болмай,

Жұрт кетсін түкіріп бетіме.

Жаратқан жанымды жақамай,

Жанайын тозақтың өртіне.

Көмусіз тастаңыз мүрдемді,

Шыбын мен шіркей жеп жарысын.

Аш құзғын көзімді опырып,

Көк бөрі кеудеме сарысын.

Көрінде көсілмес тәнімнің

Пошымын қызылқұрт шерткіле.

Терімді тірідей сыпырып,

Тезегім түскенше тепкіле.

Егер де

Ақындық арымды былғасам! (Ықылас Ожай - «Адырна», Алматы, «Жалын», 2008, 52-53-бет.). «Ант» өлеңін оқыған соң, енді А.Арыстанбекқызының «Серт» өлеңін де оқи отырыңыз:

Желкем менің жеті жерден қиылсын,

Қарақұсқа қара қаным құйылсын.

Өкпем өшіп, жүрек қысып туласын,

Жыным біткен жағама кеп жиылсын.

Қақырасын қарс айрылсын қабырғам,

Шорт үзіліп қан сауласын тамырдан.

Кешірілмес кеще болып кетейін,

Ақталмайын, жарылмайын ағымнан.

Көзім шығып, аяқ-қолдан жан кетсін,

Өртке оранып, өмірімнен мән кетсін.

Жазылған жыр адыра қап жоғалсын,

Әлем біткен мені қарғап «әндетсін».

Түнек болып тұншықтырсын таңғы аспан,

Бақыр басты бір-ақ атсын алдаспан.

Халық біткен бетіме кеп түкірсін,

Ақындық пен арды сатып алжассам!

Үш ақынның  бір өлеңі, кешіріңіз үш өлеңі өте-мөте ұқсас па, ұқсас! Күлесіз бе, жылайсыз ба?! Мүмкін «бір-біріне ұқсап туған» «үшем» өлеңдерден шаршаған боларсыз?  Алмас - Асылзат - Ықылас... Бұл есімдер әрі қарай да жалғасып кете беруі мүмкін, оған біз де таңғалмаймыз. Сөзімізді әрі қарай жалғастырайық.

Ақын Гүлнәр Салықбай:

Сыбыр-сыбыр,

Күбір-күбір...

Сенен қашып барамын.

Созылмалы сіңір ғұмыр,

Сенен қашып барамын!

Ойлан, досым, ойлысымақ,

Сенен қашып барамын.

Қойлы ауыл - қойны сұрақ,

Сенен қашып барамын.

Жаны ашымас жалған егем,

Сенен қашып барамын.

Обалыма қалған Өлең,

Сенен қашып барамын.

Қорадағы қорлық өмір,

Сенен қашып барамын.

Тола алмаған сорлы көңіл,

Сенен қашып барамын.

Қайда барам қашқанда?! (Г. Салықбай - «Аспандағы аңсарым», 30-31-беттер).

Осыған «ұқсайтын» тағы бір өлеңге кезек берсек. Ақын Болат Шарахымбай:

Заманауи запыран,

Сенен қашып барамын.

Тасыр-тұсыр, тапыраң,

Сенен қашып барамын.

Өгейленген Өлеңім,

Сенен қашып барамын.

Керегі жоқ Керегім,

Сенен қашып барамын.

Қайыры жоқ бұл қала,

Сенен қашып барамын.

Біздің жаққа бір қара -

Сенен қашып барамын.

Жұлдыз жұтқан Ақ бұлт,

Сенен қашып барамын.

Айрық жолда аптығып,

Сенен қашып барамын.

Сұрқы нарау сұр нүкте,

Сенен қашып барамын.

Тектісі жоқ тірлікте

Сенен қашып барамын.

Келі түйген Көңілім,

Сенен қашып барамын.

Бақыт құмар Өмірім,

Сенен қашып барамын.

Қайда барам қашқанда?!. (Болат Шарахымбай - «Қазығұрт ғазалдары», 33-бет).

Екеуі де ұқсас, өлең түйіні тіпті бірдей десе болады. Себебі, бұл жерде екі ақын да: «Қайда барам қашқанда?!» деп аяқтап тұр. Осы жерде «екеуі екі түрлі өлең ғой, бір-біріне мүлдем ұқсамайды» дейтін «философтар» да шығарына күмәнданбаймын.

Мен тіпті ендігі жерде жас ақындар «Тәңірдің өзі де шын, сөзі де шын» деп өлең жазса тіпті таңғалмайтын болдым. Мұндай-мұндай «ұқсастықтар» бір ортада ғұмыр кешкен соң емес, көп оқығаннан шығар бәлкім... Бірақ мен үшін бір ойды ғана айтатын «егіз», «үшем» өлеңдер қызықты емес, сіздің де бірін ғана алуға ақыңыз бар. Бір батыстың пәлсапасышы: «Нашар ақын көшіреді, нағыз ақын ұрлайды» деген екен. Бірақ, біз мысалға алып отырған ақындардың өлеңдерін осы екі топтың қайсысына жатқызарымызды да білмейміз. Себебі, кім ұрлады, кім көшірді дегенге нақты жауап беру де қиын. Біреуі риза болып, біреуі «өкпелеп» қалуы мүмкін ғой. Тек «Ішің білсін, әлу-ай» деп отырған жайымыз бар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282