Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7509 6 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 13:59

«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?

13 -15 сәуір аралығында Сүлейман Демирел атындағы Университетте VI  Халықаралық «INFOMATRIX–ASIA» компьютерлік жобалар барысы өтті. Бұған алыс-жақын шетелдерден 450-ден аса мектеп оқушылары қатысты. Жас дарындарымыз ақпараттық технология, бағдарламалау, робототехника, технологиялық дизайн және қысқаметражды бейне түсірілімдер, компьютер өнері сияқты түрлі бағыттарға қатысуда. 

Қазақ елін әлем жұртшылығы танып, білім саласындағы жоғарғы жетістіктеріне қанығып, талабы зор өрендерін ерекше бағалай түсу үшін бұл халықаралық жарыстың маңызы зор-ақ.

Еліміздің атынан қатысып жатқан дарындарымыздың еңбектері де жоғары бағалауға лайық.  Жаһанду үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуының өзі талантты жастардың қабілеттерінің барынша жетілуіне әсерін тигізеді. Сол себептен соңғы уақыттар да елімізде ғылым-білім саласына баса назар аударып келеді. Технологиялардың жоғары деңгейге көтерілуі еліміздің алпауыт елдермен бәсекеге қабілеттілігін артыратыны сөзсіз. Жарыс қатысушылары бұл жоба да қай уақытта болсын ғылым-білімнің тілі барлығына түсінікті және армандары ортақ дарындардың бағыт алған жолдары да бір екенін дәлелдеді. Ендеше, ел ертеңінің тізгінін ұстайтын, таланттарымыздың жасаған жобаларымен танысып, бағасын берейік.

Қыдырбаева Назира,  Ақтау қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі, 10 сынып:

-Бұл жерде қысым датчигі бар. Қолыңызды қимылдатқан кезде, бұлшық еттеріңіз жиырылады. Бірінші, ең үлкен мәнін таңдап алады. Жіберген кезде, ол ашылады. Бұл құрылғыны сіз қолыңызға орната аласыз. Қолы жоқ жандар бұлшық еттерімен басқарады. Жұдырық жұмылып ашылады. Мен бұны 1 ай көлемінде жасадым. Болашақта патенттеп сатылымға шығарғым келеді. Себебі, мүгедек жандарға бұндай құрылғыны алу қолжетімді бағада болады. Ендігі арманым, болашақта бұлшық еттердің әрбір тамырын зерттеп, әр саусаққа бөлек жұмылатындай етіп жасау.

Біз күнделікті өмірде 12 мүшеміз сау болғандықтан мүгедек жандардың жағдайын көп ойлай бермейміз. Сол жандарға көмек  ретінде осыны ұсынғым келеді. Мұның қиындығы орташа. Негізгі сатылымдағы бағасы 500 мың теңге. Ал менікі 100  мың теңге тұратын болады. Себебі, мен қысым датчигін өз қолымнан жасадым.

Әміре және Қуаныш, Талдықорған қаласы, Білім Инновация Лицейі:

-Менің жобамның аты «Умный переход» аталады. Адам кірген кезде бұл белгілер ашылып, машиналардың бағдаршам белгісінде қызыл жанатын болады. Яғни, адамның кіргенін бірден сездіреді. Адам кіргенде бір-біріне байланыс барады, адам жоқ болса мына шеттегілер жабылып, машиналар өте беруге болады. Бұл жобаны ойлап табуға  4 күндей уақыт кетті. Негізгі мақсатымыз – бүгінгі таңда көп орын алатын көлік оқиғаларына біраз болсын щектеу қойып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Садыкова Карина, Торганбекова Гауһар Астана қаласы, Республикалық физика-математикалық мектеп, 10 сынып:

-Біздің жобамыздың атауы  «SmarTabs»деп аталады.  Бұл екі құрылғыдан тұрады. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені екі-үш адамға арналған. Кішкенесі бір адамға арналған. Соңғысы  саяхаттауды ұнататын жандар үшін. Бұл жобаны ойлап табуымызға себеп болған менің  Гауһар құрбымның әжесі дәрілерді шатастырып, уақытын есте сақтай алмайтын. Демек, бүгінгі таңда бұл өзекті мәселе болып табылады. Кез-келген науқас өзінің дәрісін уақытында ішіп және оларды шатастырмайтын болады. Бұны жасауға бізге 20 мыңдай ғана қаражат кетті. Сондықтан сатылымдағы бағасыда қымбай болмайды.

Аманбаев Жасұлан, Астана қаласы № 3 мектеп гимназиясы:

-Менің жобам «Робот құйылғышы». Бұл робот кірпіштер арқылы зәулім үйлерді құрастырады. Болашақта моделі Ұзындығы мен ені – 50,  биіктігі – 2 метрге дейін апара аламыз. Жер үйлерді құрастыру үшін 4 метрге дейін апаруға болады. Ол үшін 120-100 см болады. Болашақта арнайы 3 D моделдік  бағдарламасымен жасалады. Компьютер арқылы дизайн жасалып, кірпіштердің ұзындығы мен ені, биіктіктерін беріп, өзі математикалық алгортиммен құрастыра береді. Ойлап табуға 7 айдай, құрастыруға 5 күн кетті. Бағдарламасын құю ең қиыны болды. Робот адамның еңбегін жеңілдетуге арналған және үйлерді тез-тез құрастыру үшін жасалғандықтан да бағасы да қымбат болмайды. Әлемде дәл осыған ұқсас  Сем деген робот бар. Ол тек кірпіштің бір жағын құрастырады. Менікі кез-келген жерде түріп, қалап бере алады.

Кеңесбеков Әліманжан, Назарбаев зияткерлік мектебі:

-Бұл жобаның атауы «QiVita». Бұл ақылды қолғап пен браслет. Ол адамның диагнозын өлшеп, оны смартфонға жібереді. Сонымен қатар кез-келген дәрігер арнайы база арқылы өз емдеулішісінің диагнозын көріп, тіпті сол адаммен байланысқа шыға алатын болады.

Жобаны жасауға жарты жылдай уақыт кетті. Біз оны 4 айда іске асырдық. Жобаны жүзеге асыруға барлығы 98 доллар шығын жұмсалды. Біз оны 38 долларға сататын боламыз.

Аймағанбетов Бауыржан, Назарбаев зияткерлік мектебі, Ақтау қаласы:

-Менің жобам « TUYSKZ» деп аталады. Негізі жобада адамдар тіркеліп, өз логиндерімен чатқа кіреді. Әрі қарай өз руластарын, жақын жандарын таба алады. Жобаны 3 аптадай жүзеге асырдым. Басқа чаттардан ерекшелігі Отандық өнім және Қазақ еліндегі әрбір адамның еркін және мемлекеттік тілде қолдануына көмек береді. Мысалы, шетелдегі қандастарымызбен де байланыс орната аламыз. Бұл болашақта PlayMarket-ке салынатын болады.

Жорабеков Жәнібек, Ақтау қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебі, 10 сынып оқушысы:

-Бұл жобам көзі көрмейтін мүгедек жандарға арналған. Әр әріп 6 нүктеден тұрады. Саусақтарымен жүргізу арқылы ақпарат алатын болады. Кейбір мектептерде оқушыларға оқу материалдары, көркем әдеби шығармалар жетіспей жатады. Бізде қарапайым және тиімді ақпараттар әлеуметтік желіде орналасқан. Сол ақпараттарды дұрыс қолданып, сол жандардың өмірін жеңілдету үшін бұл құрылғыны ойлап шығардым.

Бұл қолжетімді, әрі арзан. Себебі, барлығын арзан құрылғылармен жасадым. Осындай жобалар шетелде де бар. Алайда олар өте қымбат. Менің жобам 30 мыңнан аспайды. Жасауға көп уақыт кетеді. Бір әріпті бір тесіп, әр 26 әріпті арнайы бағдарламалық код жазылу керек. Бұл шағын және шектеулі түрде ақпарат шығарады. Болашақта бұл үлкен парақта ақпарат жазып шығаратын болады. Маған бағыт беріп, көмектескен Бақытжан Мұхамедұлы. Сонымен қатар, бұны үлкейткен кезде бағасы да өзгеретін болады. Бір ерекшелігі бұны мен латын қаріптері негізінде жасадым. Бұл болашақтың сұранысы болып табылады.

Жарасбай Мәжіт, Назарбаев зияткерлік мектебі, Ақтөбе қаласы:

-Бұл балалардың ойын алаңқайы. Біраз компенентері бар. Оның латын алфавиті бар. Бұл балалардың қазірден бастап бұған үйрене беруі үшін қажет. Бұл жоба барлық қалаларда орналатын болады. Оларда естіп, көретін мүмкіндіктері болады. Мысалға K әрпіне жақындатсақ, ол керікті көрсетеді. Сонымен қатар, бұл күннен энергия алу арқылы да жұмыс жасай алады.

Көгершін Тілеген

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446