Жұма, 1 Мамыр 2026
3393 0 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:01

Түркіменстан отызға толмаған ер адамдарды шетелге жіберуге тыйым салып жатыр

Түркіменстанда енді жасы отызға толмаған ер азаматтар шетелге шыға алмайды деп хабарлады Дашогус облысындағы миграция қызметінің өкілі Азаттықтың түркімен қызметіне.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, шенеуніктер мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты қабылданып отыр деген.

"Шетелге шықпақ болған менің 27 жасымдағы танысымды облыстық миграция қызметі шақырып алып, оның жол билетін тартып алды. Оған Ашхабадтан жасы отызға толмағандарды шетелге жібермей туралы бұйрық келгенін айтқан", - дейді дереккөз.

Оның сөзінше, танысына билеттің құнын өтеп берген.

Соңғы айларда азаматтардың Түркияға шығуы қиындап кеткен. Сонымен бірге шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтар мен оқып жүрген студенттерді елге қайтару мәселесі қазір қолға алынған көрінеді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 346
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 340