Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
3506 0 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:03

Эмомали Рахмон: Тәжікстан саясаты «екіжүзділік стандарттан» ада

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) сыртқы істер министрлерінің 23-отырысы барысында Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесті. ЭЫҰ СІМ отырысы 16-17 сәуірде Душанбе өтіп жатыр.

Кездесу барысында Эмомали Рахмон мен Жавад Зариф экономика саласындағы ынтымақтастық мәселелерінен бөлек, сауда, энергетика, көлік, өндіріс, ауыл шаруашылығы, мәдениет пен гуманитарлық байланыс мәселелерін талқылаған.

Сонымен бірге қауіпсіздік саласына да тоқталған. Эмомали Рахмон бұл мәселеде Тәжікстан «екіжүзділік стандарттан» ада деп, бұл бағыттағы жұмыс таза болу керектігін атап өткен. Себебі, оның сөзінше, терроризм, экстремизм мен діни радикализммен күрес тәжік саясатындағы ең басты мәселе.

Эмомали Рахмон дүйсенбі күні Ауғанстан СІМ басшысы Салохиддин Раббани мен ЭЫҰ бас хатшысы Халил Ибрахим Арчамен кездесті.

Аймақтық мемлекетаралық экономикалық ұйым 1985 жылы құрылған. Оған Орта Азия және Таяу Шығыс елдері мүше.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1552
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6207