Жексенбі, 4 Қазан 2026
4057 0 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:07

Арменияда төрт күннен бері халық Саргсянды премьер-министрлікке ұсынуға қарсылық білдіріп жатыр

Армянның басқарушы партиясы халық қарсылығына қарамастан, Серж Саргсянды премьер-министрлікке ұсынды.

Арменияның басқарушы Республикалық партиясы мен Армян революциялық федерациясы фракциясы 16 сәуірде бірауыздан елдің премьер-министрлігіне Саргсянның кандидатурасын мақұлдады. Парламент бұл мәселеге қатысты 17 сәуірде дауыс беру керек.

Соңғы төрт күннен бері мыңдаған демонстрант Саргсянға қарсы көшеге шықты. Олар Ереван орталығындағы көшені жауып тастады. Наразылық шарасын ұйымдастырушы Николай Пашинян халықты жаппай көшеге шығуға шақырып жатыр.

"Арменияда өрескел жағдай болып жатыр: бір адам үшінші рет ел лидері болғысы келеді. Біз бұған жол бермеуіміз тиіс", – деді Civil Contract оппозициялық тобының басшысы Пашинян.

"Армения азаматтарына еркіндік беретін кез келді. Шағын ыңғайсыздық арқылы біз сіздерді Серж Саргсян тудыратын үлкен ыңғайсыздықтан құтқарғымыз келеді", – деді Пашинян мегафон арқылы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 684
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 972