Сенбі, 23 Қараша 2024
3061 29 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:09

Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты мандатынан айырылды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) парламент депутаты Дамирбек Асылбек уулун мандатынан айырды. Бұл жөнінде ОСК мүшесі Назарали Арипов хабарлады.

Оның сөзінше, оның мандатын Руслан Чойбеков алады.

Дамирбек Асылбек уулунда Қазақстан азаматтығы болуына байланысты депутаттық мандатынан айырған. Ол биыл ақпан айының ортасында шекарада контрабанданы ұстау операциясында қолға түскен. Ресми Астана Дамирбек Асылбек уулунда Қазақстан төлқұжаты бар екенін мәлімдеді.

Мұнан бөлек Орталық сайлау комиссиясы "Қырғызстан" партиясы атынан депутат болған Жыргалбек Калмаматовтың мандатын келесі тізімдегі адамға беруді қарастырған. Оның орнына Насыр Мусаев келмек.

Жыргалбек Калмаматов биыл жыл басында 46 жасында мезгілсіз өмірден өтті.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450