Қазақстандықтар 2011 жылды «Бейбітшілік пен жасампаздыққа - 20 жыл» ұранымен өткізеді» - Елбасы
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстандықтар 2011 жылды «Бейбітшілік пен жасампаздыққа - 20 жыл» ұранымен өткізеді», - деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында.
«Менің Жарлығым бойынша 2011 жыл біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы болып белгіленді. Оған арнайы комиссия да құрылып, жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл - жалпыхалықтық іс. Осыған қарай мен Үкіметке инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтарының және қазақстандықтардың күшін біріктіре отырып, осы шараларды жүзеге асыруға шақырамын. Біздің бағдарлама «Бейбітшілік пен жасампаздыққа - 20 жыл» деп аталады», - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында бостандық, бірлік, тұрақтылық пен өрлеу сияқты қазақстандық жолдың базалық құндылықтары қалыптасқандығын атап көрсетті.
«Біз бұл бағдарламаны арнайы қарайтын боламыз. Ол қалың көпшілікке жария етіліп, оны іске асыруға бәріміз де күш саламыз деген ойдамын. Біз атқарған істердің барлығын әрбір қазақстандық айқын сезінуі тиіс», - деді Елбасы.