Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкімет отырысында елдің маңызды аймақтық және континентальдық көлік бағытында орналасқанын, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, дамуға ұмтылып жатқанын атап өткен.
Балкан уәлаятындағы Азатлык шолушысының айтуынша, Түркіменбашы қаласында (бұрынғы атауы Красноводск) Совет заманында "Азия қақпасы" деп аталатын теңіз порты болған.
«1991 жылға дейін Красноводскідегі теңіз портына Дағыстаннан, Махачкаладан, Астраханнан және Бакудан жолаушылар кемесі қатынаған. Жүк кемесі де қатынайтын», - дейді шолушы. Бүгінде бұл портқа Баку және Астраханнан келетін екі жүк кемесі ғана қатынайды екен.
«Жаңа портқа өте қомақты қаражат жұмсалды. Оны қалай пайдаланатыны түсініксіз. Ол өз құнын өтейді ме, белгісіз», - дейді шолушы.
Түркіменбашыдағы жаңа порт құрылысы 2013 жылдың наурыз айында басталған. Порт құрылысын "ГАП Иншаат" түрік компаниясы жүргізіп жатыр. 2 млрд доллар қаражат түркімен бюджетінен бөлінген.
Abai.kz