Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4576 0 пікір 18 Сәуір, 2018 сағат 09:12

Тәжікстан WiFi-ға бақылау орнатып жатыр

Тәжікстан байланыс қызметі сауда орындарында, базарда, мейрамханаларда және қоғамдық орындарында сымсыз WiFi-Интернетті пайдалану және сатуды тексеруді тапсырған.

Сауда орталықтары және мейрамхана қожайындары байланыс қызметі өкілдерінің ғимаратта WiFi-роутерлердің қолданылуын текскеруге келгенін хабарлады.

Байланыс қызметінің басшысы Бег Сабур 11 сәуірден бастап WiFi қолданатын барлық мекемелерді тексеруді тапсырған.

Биліктегі дереккөздің хабарлауынша, бұл "Байланыс жөніндегі" заңға байланысты. Жұмысшы тобының өкілдері "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін" деген себеппен WiFi құрылғылардың нөмерлерін жазып алып жатыр екен.

Тәжікстандағы мобильді операторлар қауымдастығының төрағасы Гафурджон Иркаев байланыс қызметінің тексеру жүргізуге заңды түрде құқығы бар дейді. Ол WiFi қызметін пайдалануға арнайы рұқсат алу оның бағасына әсер етеді дейді. Бұдан былай кез-келген кәсіпкер сымсыз интернет орнату үшін, биліктен арнайы рұқсат алу керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723