Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев былтыр мүлікті түгендеу кезінде 1 мың 122 апатты жағдайда тұрған ғимарат анықталғанын, оның 300-і сүріліп, 17-сі қайта жөндеуден өткенін айтты.
«2018 жылы 58 нысанды қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр»,- деді Федяев. Оның сөзінше, жеті ауданда және Петропавловскіде 114 ғимараттың иелері бар.
Ол ғимарат қожайындарына бір ай ішінде қауіпсіздік шарасын қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. Егер талапты орындамаса, 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынбақ.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов егер ғимарат қожайындары нысандарды қалпына келтірмесе, оларды сүріп тастаймыз деп ескертті.
Abai.kz