Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3663 0 пікір 31 Қаңтар, 2011 сағат 07:16

КК дүйсенбі күні депутаттардың референдумға қатысты енгізген түзетулерінің Конституцияға сәйкестігі бойынша шешім шығарады

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ - Дүйсенбі күні Конституциялық кеңес президенттің президенттің өкілеттіктерін ұзартуды қарастыратын « Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Конституцияға сәйкестігі бойынша шешім шығарады, деп мәлім етті КК баспасөз хатшысы Гүлнәр Байгелді.

Оның айтуынша, Конституциялық кеңестің отырысы сағат 11.00-де басталады.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда парламент қабылдаған ҚР Конституциясының 42 бабының 5 тармағына КК ҚР тұңғыш президенті - ұлт лидері Н. Назарбаевтың президенттік өкілеттіктерін республикалық референдумда ұзарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулердің Конституцияға сәйкестігі туралы президенттің өтінішін өндіріске қабылдаған болатын.

Н. Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы мәселе бойынша референдум өткізу ұсынысын 2010 жылдың желтоқсан айында бастамашыл топ жасап, кейін бұл бастаманы қолдап 5 млн 16 мың қол жинаған, бұл республикалық референдумға қатысу құқығына ие азаматтардың жалпы санының 55,2% құрайды. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) азаматтардың референдум туралы ұсынысын қолдарымен бірге бекітіп, президент Н. Назарбаевқа жолдады.

Конституциялық заңның 17 бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды. Сонымен бірге, президент бұл ұсынысты қабылдамауы да мүмкін.

6 қаңтарда парламент президентке осындай референдум өткізу туралы өтініш жасады. Алайда мемлекет басшысы оны қабылдамай тастады.

14 қаңтарда парламент Конституцияға референдум арқылы президенттің өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігі туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірауыздан қабылдаған болатын.

Н.Назарбаев парламент қабылдаған Конституцияға өзгертулерді қабылдамас немесе кері қайтармас бұрын олардың Ата заңға сәйкестігін тексеру үшін КК-ге сараптамаға жіберді.

Н.Назарбаев референдум бойынша шешім мемлекет пен халықтың мүддесі үшін қабылданатынын айтқан болатын.

Оның пікірінше, референдум өткізу - Қазақстан халқының еркіне байланысты мәселе. Бұл туралы Н.Назарбаев 20 қаңтарда Ақ ордада қазақстандық қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен жалпықоғамдық бастаманы қарау бойынша кеңесте мәлімдеген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273