Заң жобасында Ақтау және Құрық порттарын да транзиттің бір бөлігі ретінде енгізген. Бұл Каспий теңізі арқылы Ауғанстанға теміржол тасымалын қамтамасыз етеді.
Аталған маршрутты америкалық тарап «балама» ретінде қарастырады және жүкті Әзербайжаннан Каспий теңізі арқылы қазақстандық Ақтау және Құрық портына жеткізіп, әрі қарай теміржолмен Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстанға жөнелтеді.
Хаттамаға 2017 жылдың 21 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған. «Бұл транзиттің іске асуы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын Қазақстан мүддесіне толығымен сәйкес келеді»,- деп сенаттың халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік комитеті есеп берген.
Abai.kz