Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
4094 5 пікір 20 Сәуір, 2018 сағат 10:38

Ресей Facebook-ты бұғаттауы мүмкін

Ресей Facebook әлеуметтік желісін бұғаттауы мүмкін, деп жазады qazaqtimes.com. Сәуір айының 18-і күні «Известия» газетіне сұхбат берген «Роскомнадзор» басшысы Александр Жаров Facebook әлеуметтік желісі жөнінде әңгіме қозғаған.

Онда ол: «Егер Facebook біздің қойған талаптарымызды 2018 жылдың соңына дейін орындамаса, онда оны бұғаттау мәселесін көтеретін боламыз» - деген.

Бұдан бөлек ведомства басшысы сұхбат барысында Ресей аумағында алдағы уақытта «Amazon» және «Google» сервистерінің жұмыс істеуінің өзі үлкен сұрақ екендігін айтқан.

Жаровтың сөзінше, қазірдің өзінде «Роскомнадзор» «Telegram» әлеуметтік желісін бұғаттау барысында  ІР-мекен-жайы «Amazon» жүйесіне тіркелген 15 миллионға жуық акаунтты бұғаттаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 646
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1927
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 481
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 449