Сенбі, 23 Қараша 2024
3256 0 пікір 20 Сәуір, 2018 сағат 10:39

Алматы облысында «Бастау» жобасы бойынша 864 адам оқып жатыр

16 сәуір күні Алматы облысында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасы бойынша оқыту басталды. Одан бұрын 14-15 сәуір күндері үміткерлер үшін тестілеу ұйымдастырылды. Емтихан қорытындысы бойынша 864 ауыл азаматы оқуға қабылданды.

Қазіргі таңда «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша білім беру 16 аудан орталығында жүргізілуде.

««Бастау» жобасының бірінші ағымында 800-ден астам адам бар. Аудандарда біздің бизнес-тренерлер алғашқы сабақтарын бастап кетті. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында оқыту шілде айында жоспарланған», -  деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев.

Жалпы биыл өңірде оқытумен 3,3 мыңнан адамды қамту жоспарланып отыр.

«Бастауға» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және ісін кеңейтуге мақсат қойған жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер қатыса алады. Қатысуға өтінім Жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады және үміткерлер тестілеуден өтеді. Соның нәтижесі бойынша оқуға қабылданады.

Оқыту бағдарламасы 12 модульден тұрады. Қатысушыларға салық режимдері, заңнама, маркетинг негіздері, бизнес саласындағы сұраныстағы бағыттар және т.б. білім беріледі. Сонымен бірге, тәжірибелік сабақтар, кәсіпкерлік объектілерін аралау, табысты бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады. Бір айлық курста отандық бизнес-тренерлер сабақ береді. Сонымен бірге қатысушыларға бағдарлама бойынша шәкіртақы төленеді.

Айта кетейік, «Бастау» бойынша оқытуға қатысқан азаматтар 6%-пен 18 млн-ға дейін несие алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377