Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4094 0 пікір 31 Қаңтар, 2011 сағат 08:21

Референдумға нүкте қойылды

Өткен жылдың соңынан басталған референдум жайлы түрлі деңгейдегі әңгімелерге конститутциялық кеңес нүкте қойды. Семейден басталып, барлық өңірге өрттей қаулап лезде тараған еді. Әрине, мұндай саяси шешімдерге ұласатын бастамалар әкім-қаралардың арасында Ақорданың көзіне түсіп қалу жарысын жел тиген оттай қылғаны тағы рас.

Конституциялық Кеңес Президенттің өкілеттігін референдум арқылы 2020-ншы жылға дейін ұзарту мәселесі бойынша Конститутцияға  өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі парламент қабылдаған заңды Қазақстанның Конституциясына сәйкес емес деп таныды.

- Конституциялық Кеңес 2011 жылғы 14 қаңтарда Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы Заңды Конституцияға сәйкес емес деп тануды қаулы етеді», -деді Игорь Рогов.

Бұл заңға қол қойылмайды және ол күшіне енгізілмейді. Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.

Айтпақшы, елдің басты құжаты - Конститутцияға өздерінің қабылдаған заңдары қайшы келетінін білмей қалған депутат мырзалардың да өрекпіген көңілдері су сепкендей басылған шығар-ау...

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 912
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2367
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 622
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599