Сенбі, 23 Қараша 2024
Жалқы сұрақ 3863 4 пікір 24 Сәуір, 2018 сағат 08:40

Аштық құрбаны екі рет ұрланды. Астана әкімдігі қайда қарап отыр?

 

Астана полициясы Қазақстан жерінде 1932-1933 жылдары болған ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіштегі баланың мүсінін ұрлады деген күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Қола мүсін металл қабылдайтын пунктен табылған.

"1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарына орнатылған ескерткіш кешеннен мүсін ұрлады деген күдікті мен ұрланған мүсінді сатып алды деген күдікті анықталды" дейді Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция "ұрлық" және "қылмыстық жолмен табылған мүлікті иелену немесе өткізу" баптары бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылған.

Ескерткіш кешеннен баланың мүсіні ұрланғаны туралы 2017 жылы жазда хабарланған еді. Биылғы жылдың басында ұрланған мүсіннің орнына қайтадан құйылған мүсін орнатылған болатын. Полицияның мәліметінше, мүсін екінші рет өткен айда тағы да ұрланған.

Астанада "Қасірет қабырғасы" деп аталатын композицияның жанындағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш ресми түрде 2012 жылы 31 мамырда ашылған.

Басқа - басқа, біздің елде Аштық құрбандарына арналған ескерткіш қасыретті де қасиетті (сакральді) дүние болып есептелуі керек. Сондай дүниені бір емес, екі рет қолды қылған вандалдардың қаракеті нағыз жауыздық! Ұрының аты-жөні құпия күйінде қалмай жариялануы керек. Бұл - бір. Екіншіден, аталған кешенде араға жыл салып ұрлық болып жатса, демек, ескерткішке деген Астана билігінің құрметі де кем болғаны. Әйтпесе, бай-бағыланның есігінің аузын күзетіп отыратын сақшыларды кешеннің алаңына тұрғызып немесе бейне бақылау камерасын орнату соншалықты қиын болып па?.. Астана әкімдігі қайда қарап отыр?

Abai.kz 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353