Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 12358 26 пікір 25 Сәуір, 2018 сағат 15:59

Үш би туралы үш қате

БІРІНШІ ҚАТЕ - Әйтеке би 1700 жылы, 56 жасында қайтыс болғанда, Төле би 37 жаста, ал Қазыбек би 33 жастағы жігіттер еді. Бірақ біз оларды үшеулерін бірге суреттегенде, қариялар сияқты әппақ сақалдарымен суреттейміз. Яғни бұл суреттердің өзі негізінен қате сурет болып тұр ғой.

ЕКІНШІ ҚАТЕ - "Қазақтың үш биінің қайссы Абылай Ханды көрмеген?" деген сұрақпен далаға шығып, халықтан сұрасаң, талай адам қарабет болайын деп тұр. Біздің көптеген мультфильмдер мен ертегілерден бастап, кеңселердегі портреттерге дейін Абылай хан үш бидің қасында, үш бимен ақылдасып тұрған кезі бейнеленеді. Абылай хан 1711 жылы дүниеге келгенін, Әйтеке би 1700 жылы қайтыс болғанын көп адам ескермейді екен.

ҮШІНШІ ҚАТЕ - Астанадағы үш бидің ескерткішінде неге Төле би ортада отыр? Жас мөлшерімен есептесе ең үлкені Әйтеке би. Әр жүздің халық санымен есептесе, Қазыбек би ортада отыру керек еді. Егер бүгінгі биліктің көзқарасымен есептесе, онда Төле би ортада отыру керек. Ал жалпы, осы "Үш Би" феномены қазақты ру-тайпалық бөлінуді ұмыттырмай тұрған тәрізді. Өз ойым.

ТӨЛЕ БИ (1663-1756)
ҚАЗЫБЕК БИ (1667-1763)
ӘЙТЕКЕ БИ (1644-1700)

Самат Нұртазаның facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060