Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4684 10 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:35

Оғыз талап етті, банк кешірім сұрады!

Оғыз талап етті, банк кешірім сұрады! Дау бітті! Банк енді қазақша жақсы білетін мамандар ала бастайды. Демек, ауылдан шыққан қарагөздердің бірнешеуіне жұмыс табылады. Әсер-ықпалы жақсы қадам болды.

Ал кей қазақ Оғызды мазақтап жатыр. Біз оны түсінбейміз, ол мемлекетінде қожайын болған ұлттың өкілі. Өз үйінде қожайын болған адам өзге үйдің қожайынына құрметпен қарайды. Біз өзбекті, арабты да түсінбейміз... Біз советте 50 пайыз қазақ, 50 пайыз орыс болып өмір сүрдік, бүгін 30 пайыз қазақ, 30 пайыз орыс, 30 пайыз ағылшын, 10 пайыз қытай болуға көндік. Ұрпағымызды солай тәрбиелеуге рұқсат еттік.

Оғыз ондайды ұқпайды, біз оны ұқпаймыз. Егер Оғыз банкте орысша сөйлеп, Қазком менеджерлермен ыржыңдап селфи жасаса әлдеқайда ұғынықты болар еді. Меніңше, кешірім сұратқаны - сазарып отырған солтүстігімізге жақсы сабақ. Ал, іші пысып отырғандарға тақырып. Салғыласып отырып сойқан ойлар айтып тастаймыз...

Тоқтайық, кешірім жасалды, тақырып жабылды.

Серік Әбікеннің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052