Жұма, 22 Қараша 2024
3827 0 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:48

Құқық қорғау өкілдеріне гейлерді бопсалағаны үшін 20 мың доллар айыппұл салынған

Тәжікстанда үш адам, оның екеуі милиция қызметкеріне гейлерді бопсалағаны үшін 165 мың сомони (20 мың АҚШ доллары шамасында) айыппұл салынған.

Душанбе қаласы Сино аудандық сотының шешімі өткен аптада шыққан. Соттағы дереккөз милиция майоры Шорамазон Боронов, капитан Нарзулло Асламзод пен Диловар Мирзоев әрқайсысы 55 мың сомонидан 165 мың сомони төлеуі керек дейді. Тағы бір милиция қызметкері, капитан Оятулло Сайфиддинов гейлерді бопсалауды ұйымдастырушы деп табылған. Бірақ ол қазір іздеуде екен.

Жоғарыда аты аталған адамдар гомосексуалистерден ақша талап еткен. Бірақ кейін милиция қызметкерлері коррупцияға қарсы күрес агенттігі тарапынан ұсталған.

Коррупцияға қарсы күрес мекемесінің мәліметі бойынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сексуалды азшылық өкілдерінен 5 мың сомони (600 доллар шамасында) талап еткен. Бопсалаушылар 3 мың сомони алып жатқан кезде, қолға түскен.

Тәжікстан ІІМ мен бас прокуратура мәліметі бойынша, елде 370 шамасында сексуалды азшылық өкілдері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299