Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 12922 2 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 12:11

Азаматтарымыз араша сұрайды. Үкімет үндемей отыра бере ме?

Қытай Үкіметінің ондағы аз ұлттарға ашық жасап жатқан саяси қудалаулары жайлы баспасөзде жиі айтыла бастады. Әсіресе, Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың жергілікті билік тарапынан түрлі қысым көріп, қамауға алынып жатқаны дәлелденді, бүгінде.

Қазақстанға келіп-кетіп жүргендердің паспорттары жиналып, зейнетке шыққандар Қазақстанға келіп азаматтық алатын болса зейнетақылары берілмейтін болған. Сондай-ақ, Қазақстаннан ықтиярхат алып, әртүрлі салада еңбек етіп жүргендер Шынжаңдағы жергілікті биліктің  арнайы шақыруымен Қытайға кеткені, онда «саяси-тәрбие» лагерлері мен түрмелерге қамалғаны, Қытайға барғандардың ішінде Қазақстанға қайта алмай қалғандардың көп екені жайлы деректер анықталды.

Қытайдағы қазақтардың жағдайы тым ауырлап кетті, расында. Қытай үкіметі қазақты террорист, экстремистердің сапына қосты. Құжаттарын тартып алып, Қазақстанға келіп-кеткен әр қазақты түрмеге жапты. Үйінде Құран ұстаған, діни оқулықты ұстаған, ескі кітаптарды сақтағандар сақшылардың жетегіне түсті. Жәбірін көрді. Қазақ жазушыларының кітаптарын оқығандар оқу-тәрбиелеу лагерлеріне айдалды. Себепсіз тергеліп, нақақ таяқ жеді. Тіпті, молда-қожалардың кейбірі түрмеде қайтыс болды деген ақпар да тарады. Қолыңнан келсе шауып ал деген бұл арандатушылықты, әпербақандықты, әлімжеттікті Ши тұтқасын ұстап отырған Қытай билігі күні бүгінге дейін жасап келеді.

Ши шырғалаңы. Әлем жұрты қазақтың жайына алаңдаулы

Шыңжаң билігі мен Ши төраға салған шырғалаң қазір Халықаралық ақпаратты шарлап кеткен. Сөзіміз сұйық шықпас үшін солардың бірсыпырасын мысалға келтірейік, алдымен.

Өткен аптада Өмірхан Алтыннан хабар жетті. Алманиядағы қандасымыз өткен жылы дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында кезектен тыс сөз алып, Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайын Елбасына тікелей жеткізген еді.

Еуропарламент

Еуропа парламенті Қытай қазақтарының жай-күйін талқылайтын болды. 15-мамыр күні. Барбара Лочвихлер (Barbara lochbihler), бұл кісі - Еуропалраменттің адам құқықтары жөніндегі комитет басшысының орынбасары. Өмірхан Алтының арызына құлақ түрген осы адам. Жауап жазған да осы Барбара ханым. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар: http://abai.kz/post/69361

Алмания үкіметі

Алмания үкіметі де бұл мәселені жуық арада күн тәртібінде қаралмақ. Өмірхан Алтын Алмания Бундестагының депутаты, адам құқытары комитетінің мүшесі Маргарет Баус Баусе (Margerete Bause) ханыммен кездесіп, Қытайдың қасқана жасап жатқан қысымы жайлы, ондағы қандастардың Қытай билігінің ассимиляциялау саясатына түсіп жатқаны жайлы айтып берген екен. http://abai.kz/post/69361

АҚШ Мемлекеттік департаменті

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қытайдың Шынжаң жеріндегі адам құқығы мәселесінің нашарлауына байланысты, АҚШ үкіметі «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісін» пайдаланып, Қытайдың лауазымды тұлғаларынан жауап сұрауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Азия Азаттық радиосы» (RFA) хабарлады. Міне сілтемесі: https://www.rfa.org/english/

Лаура Стоун

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі, мемлекеттік хатшының Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағы істері бойынша көмекшісінің орынбасары. Стоунның сөзінше, адамдарды «саяси үйрету орталықтарына» жаппай тоғыту үрей туғызады. Дипломат Қытай билігін барынша ашық және өз ісіне есеп беретін жүйе құруға шақырды.

«Біз Қытайдың Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандардың заңды құқықтарын шектеуге күш салып жатқанына алаңдаймыз. Біз бұл мәселені Қытай үкіметі алдында көтеріп, оларды өз азаматтарын ұстауда заңды процестер жүргізуге шақыра береміз», деді Стоун. Бұл жайлы «Associated press» жазды. Міне сілтемесі:  https://www.apnews.com/13ee0b95c05249a8be7c0467bf413b6e

«Abai.kz» ақпараттық порталы Қытай қысымына ұшырап, қамау көрген қазақтардың жағдайы жайлы үзбей жазып келеді. Әке-шеше, бауыр-туыстары шекараның арғы бетінде қалған ағайын араша сұрап хабарласып та жатыр. Әсіресе, соңғы уақытта олардың қатары көбейіп келеді. Соның ішінде естеріңізге сала кетейік:

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 10 студенті қысқы демалыс кезінде Қытайға барып, содан қайтпай қалған. Ол 10 қазақ баласының есім-сойы мына тізімде:  http://abai.kz/post/69023

Онан соң, Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Өскемен, Түркістан, Жамбыл облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 20 ЖОО студенттері мен 1 мектеп оқушысынің тізімі түзілді. Ұзын-ырғасы 79 адам. Олардың есім-сойы мінекей: http://abai.kz/post/69361

«Abai.kz» ақпараттық порталына үлкен үміт артып, дұғай-дұғай сәлемін жолдап жатқан ағайын азаймай тұр. Солардың бірсыпырасын бүгін жариялағанды жөн көрдік.

Жеңіснұр Аятханұлы. Әйелі Гөзалнұр Жеңісқазы 2016 жылы Қытайға кеткен. Қайтып оралмаған. Қазақстанға келмегеніне 1 жыл 8 ай болған. 2 ай бұрын жеткен хабар: «саяси-үйрену» лагерінде екенін айтады. Қазақстанда 2 баласы қалды.

;feature=youtu.be

Иманәлі Батыл. 1990 жылы қарашаның 8-күні ҚХР, ШҰАР, Құлжа ауданы, Қаратөбел қыстағында туған.

Қазақстанға  2011 жылы мамыр айында келген. Содан бері Қазақстанда тұрып жатыр. Қытайда ешбір туысы жоқ. 2011 жылы өзі және 3 ағасы көшіп келген. 3 ағасы ҚР Азаматтығын алған. Әке-шешесі Қытайда қайтыс болыпты.

2015 жылы тұрақты тіркеуге тұрып, Ықтиярхат алған. Ықтиярхат – 2011 жылдың 2-тамызында берілген. Жарамдылық мерзімі – 2019 жылдың 16-маусымы аяқталады.

2016 жылдың 7-көкегінде Оралман куәлігін алыпты. Оның жарамдылық мерзімі 2017 жылдың 7 көкегінде аяқталған.

Тұрақты тіркеуі Астана қаласында. Жалдамалы пәтерде тұрады. Отбасын құрған. 1 қызы бар. Қызы 2 жасқа толмаған. Әйелі Қазақстан Республикасының азаматшасы. http://abai.kz/post/69239

Саягүл Нұрболатқызы. 2000 жылы наурыздың 2-күні ҚХР, ШҰАР, Құлжа қаласының Наймүңшаң ауылында туған. 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Әкесі Қытайда қамауға алынған.

;t=150s

Мәкен Жәмилә. 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2 ұлы бар. Күйеуі Оспанғали Тоқтар 2016 жылы Қытайдан шақырту келіп, сол жаққа кеткен. Сол кеткеннен әлі күнге оралмаған. 2017 жылдың 3-маусымында полиция тұтқындаған.

;t=2s

Айкамал Рәшибекқызы. Алматы облысы Сарқан ауданында тұрады. Күйеуі Бақытәлі Керімбекұлы Қытай үкіметінің шақыртуымен кеткелі 1 жыл 3 ай болған. Алғашқы 2-3 айда хат-хабар алысып тұрған. Кейін байланыс мүлде үзілген. 2 баласы бар.

;t=5s

Марфуға Әділбекқызы. Қазақстан азаматы. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылында тұрады. 3 баласы бар. Олар да ҚР Азаматы. Күйеуі Мұқамеджаппар Қытайда. Ол жақта тұратын жері жоқ.

;t=3s

Нұрипа Серікқанқызы. 2014 жылдан бері Қазақстанда оқып жатыр. 3-курс студенті. ҚХР Азаматы. Ата-анасы 2015 жылы ҚР ШҚО, Үржар ауданы, Бестерек ауылына көшіп келген. 6 ағайынды. 1 әпкесі Қытайда қалған. Ата-анасы мен қалған бауырлары ҚР Азаматы. Әкесі Шәріпқанұлы Сердікқан 2017 жылдың 1-қарашасында Қытайдағы қызына барады. Шекарадан өтісімен Қытай полициясы паспортын алып қойған. 10 күннен соң тергеу басталады.

Түйін. Бұл араша сұраған ағайынның аз бөлігі. Алдағы уақытта да «Abai.kz» ақпараттық порталы Қытай саясатының түрлі қысымына ұшыраған қазақтардың жағдайын жіпке тізгендей жариялап отыратын болады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036