Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
5326 0 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:53

Түркіменстанда Сәйгүлік күні ұлттық мерекеге айналды

Түркіменстан кезекті рет Сәйгүлік күнін атап өтті. Бұл күні әдетте мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке түрлі сыйлықтар беріледі. Бұл жылы оған ақалтеке тұқымынан 8 ат сыйға тартылды.

Сонымен бірге түркімен президентіне Алабай күшігі сыйға берілген.

Өзіне сыйға тартылған аттардың бірі "Ак йол" тұлпарымен президент шабандоз өнерін көрсеткен. "Мемлекет басшысы аттың үстінде хас шеберлігін көрсетті. Шабандоз құдыретін сезінген тұлпар артқы аяқтап тік тұрды", - деп сипаттайды ұлттық баспасөз.

Былтыр Сәйгүлік күнінде президент Бердімұхамедов ат жарысына қатысып, бас жүлдені алған. Биыл 1992 жылдан бері сәуір айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Сәйгүлік күні ұлттық мереке мәртебесін алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 939
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2423
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 628