Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4471 0 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:56

15 мамырда Тәжікстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобус рейсі ашылады

????????????????????????????????????

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында жолаушылар автобусы 15 мамырдан қатынай бастайды. Бұл жөнінде «Азиа экспресс» кәсіпорнының директоры Султон Камолов мәлімдеді. Оның сөзінше, тәжік тарабы дайын, тек өзбек тарабы билет құнын әлі анықтап жатыр.

Камолов келісімге сәйкес, алдымен жолаушылар автобусының билет құны анықталу тиіс дейді. Одан кейін Худжанд-Ташкент және Пенджикент-Самарқан бағытында жолаушылар автобусы ашылады.

Тәжікстанның көлік министрінің орынбасары Шерали Ганджалзоданың сөзінше, екі елдің магистралды жолдары жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесіне сәйкес келгенімен, бірқатар жерлерге қосымша ақпарат белгілерін орнату керек.

Екі ел басшысының келісіміне сәйкес, Душанбе-Термез, Бохтар-Денау, Пенджикент- Самарқан және Пенджикент-Бұхара, Худжанд-Ташкент пен Канибадамнан Ферғана жазығына қатынайтын жолаушылар автобусы ашылу керек. Тәжікстан тарапынан «Азия экспресс» кәсіпорны аталған бағыттарға арнайы жаңа автобустар сатып алған.

Тәжік билігінің мәліметі бойынша, бүгінде күніне он мыңнан астам тәжікстандықтар Өзбекстанға қатынайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 929
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2413
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 620