Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3214 0 пікір 2 Ақпан, 2011 сағат 07:14

Жәди Шәкенұлы. Қадырдың аңызы

Қаңтарда туған Қадырды сол қаңтарда қара жердің құшағына тапсырдық. Қазақтың қайран, Қадыры-ай!

Ортамыздан бір тау шөгіп кеткендей, енді айналамыздағы биіктер сиреп бара жатқан сияқты.

Оның есімі бала күнімізден құлағымызға аңыз түрінде ғана естілушы еді ғой. Айбатты Алатау, қасиетті Атамекен ұғымы, соның ішінде «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», «нағыз қазақ міне осы деп танып қой» секілді әнмен жеткен әпсаналар Қадыр ұғымын көкейімізге мықтап шегелеген болатын. «Қайда жүрсем атамекен» деген әнді мұңмен, сағынышпен, ыстық көңілмен толқыта, тоқтамай айтушы едік. Сөйтіп шет жұртта жаутаң көз болып жүрген қазақтарға Қадыр өлеңі, ән сөздері қанат бітіріп, дайым көкірек қоламтамызды бір көсеп тастайтын. Біз өшпеуге, өлмеуге тырысатынбыз, маздайтынбыз.

Сол қол жетпестей биікке - Алатауға, Атамекенге, Қадырға да қол жетті. Аллаға мың тәубе! Ескі ертегілерде айтылатын құлақ естігенді көз көреді деген тамаша тәмсілдің мысалын өз басымыздан таптық. Ендігі «Атамекен»-нің жөні тіптен басқа.

Қайда жүрсем Атамекен...

Көкіректі керіп, кеудені отқа толтырып, еркін лапылдайтын болдық. Шіркін, тәуелсіздік!

Сол Қадыр ақынмен жақыннан шүйіркелесудің де сәті түсті. Осыдан 4-5 жылдың алдында, бір күні «Қазақ әдебиетінен» Ғалым Жайлыбай ағамыз қоңырау шалды: «Қадыр қаламақысын жумақшы, бізге жақсы машина, сенімді серік, қаламгер іні керек. Бәрін сенің басыңнан тауып тұрмын». Қашсаң құтылмайтын осы уәжбен Ғалымның «қақпанын» қуана басып, Қадырға қолым жетті. Бізге Жәркен Бөдеш ағамыз қосылып, төртеу болдық.

Дастархан, монша, қызу кеңес - бір күндік жолдасқа мың күндік рух сыйлады. Аңыз кейіпкерінің адамды жатырқамас ақ көңілділігі, әзілі, шаршамас, шалдықпас сергектігі кісіні қызықтырады. Көз алдымнан Алатаудай Қадырды емес, шәкене ғана бойы бар, езуінен күлкі кетпейтін қатпа қара жігіт ағасын тауып, мәз болып мен жүрмін. Талай-талай тәтті әңгімелерді айтысып, қарымжысы мол қалжыңмен еркін көсілдік. Тіпті оның әйгілі Мырзалиев екенін мүлдемге ұмытып, сөз таластыруға дейін бардым. Айналасынан жаттанды сөз бен қолпаштауларды көп естіп, құлағы жауыр болған ақын «ауылбайшалап» айтылған - Алтайдың ар жағынан келген әзілге айызы қана рахатанды. Қаланың емес, даланың тірі хикаясын сағынғаны шығар.

Сондағы әңгімелерден батып бара жатқан күнге телміріп, өрмек тоқып отырған бір кемпірдің аңызын айтып бергені есімде.

- Күн батыстан көрінген біреуді «өрмегіммен бірге тоқып жібердім» деп сол кемпір айтқандай, менде сені өрмегіммен бірге тоқып алдым, - дейді балаша желпініп.

Кешкісін Қадыр ақынды Таусамалы ауылындағы үйіне жеткізіп қойдым. Осыдан кейінгі кездесулерде ағамыздың ыстық құшағы маған айқара ашылып жүрді. Бірақ екінші мәрте дәл сондағыдай емін-жарқын шүйіркелесудің сәті түспеді.

Сол бір күнді еске алған сайын, тағы бір кеңесуді күтіп, қасында жүріп-ақ сағынышқа матайтын ақыннан енді, міне, мәңгі-мәңгіге айрылып отырмыз.

Көз алдыма батар күнге телміріп, өрмек тоқып отырған кемпір келеді. Өрмек қып-қызыл кеш шапағымен боялған. Өрмектің бетінде күннің соңғы алауымен құлаған көлеңке сұлбасы. Күн неге батып барады? Батар күнді тоқтатар тылсым құдыретті іздеп, бар дауысыммен айғайлағым келді.

- Қадыр, Қа-дыр а-ға-а-а!

Ақын туралы соңғы аңыз қазақтың ұлы ақыны Қадырдың бейнесін бүкіл жер - Ана дала өз өрмегіне тоқып жатқанымен аяқтайды.

Таулар алыстаған сайын биік.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373