Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2734 0 пікір 2 Ақпан, 2011 сағат 07:26

Нұра Матай. Жеті минут... жетеді екен!

Парламент екі оттың ортасында қалып тұр. Әлде шынайы табиғаты осы ма екен? Күні кеше президент Н.Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу жөнінде заң жобасын ұсынғаны сол еді депутаттар дереу жиналып, лезде әлгі заңды қабылдап тастады. Жеті минуттың ішінде. Мемлекеттік мәні зор шешімді қабылдау үшін біздің депуттарға жеті минут жетеді екен. Иә, бұндай қабылдау бұрын соңды қазақ жерінде әм әлемде болған емес (біздің биліктегілердің сүйіп айтатын сөзі).

Қалай болғанда да қабылданатын заң екенін хан түгіл қарашасы біліп отырғанда тым құрыса, саяси саламақтылық танытып жарты сағатқа шыдамдары жетпеген ...қалаулылардың халі тым мүшкіл екеніне бүкіл елдің көзі жетіп, сайлаушылар жағасын ұстап, балаларының көз, құлағын бітеп әуре болыпты.

Референдум... іле-шала мерзімінен бұрын президенттік сайлау... Осынау саяси науқан депутаттардың бар болмысын жарқырата көрсетіп, оларға елдің сөзін айтпақ түгілі, жоғарыдан нұсқау түспесе қара бастарын қалай алып жүруі мұң екенін ащы да болса уақыт  әйгілеп берді.

Бұдан былайғы жерде депутат мырзалардың, өлгенде біреуі халықтан демей-ақ қояйық, өз сайлаушыларынан кешірім сұрайтын шығар деген жылт еткен ой да жоқ емес. Әй, бірақ...

Айтпақшы, атағы жер жарып, Қазақстанды қойып әлемді шарлап кеткен «алғыр» партия «Нұр Отанның да» әуселесі белгілі болды. Өйтетіні, панасыз торғайдай топырлаған депутаттар осы партияның атынан парламентке барғанын барша жұрт жаттап алған. Енді, сайлауда депутаттар түлкідей құйрығын бұлғаңдатып, мың құбылып шыға келеді-ау. Сөйтіп, біз оларды танымай қалып, депутаттыққа «Нұр Отаннан» өтіп кеткенде барып, «Әй, қап» демесек болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін бүкілхалықтық референдум өткізіп  ұзартудың қамымен Атазаңға кезекті мәрте өзгеріс енгізіп жібере жаздаған Параламенттің қос палатасы жоғарыдағыдай шешім  қабылдамастан бұрын, қаңтардың 31-інде басталып кеткен пиардың дүмпуі енді тіпті дүбірлеп кететін шығар. Өйткені, Назарбаев парламентке президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс жасай отырып, өзінің сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Сонымен, президенттік сайлауға қатысатын бірінші үміткердің аты-жөні белгілі болды.  Ол - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде  Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 жылы  Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы болды.

1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып 7 жылға сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375