Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4179 1 пікір 3 Мамыр, 2018 сағат 08:32

Өзбекстанда салық инспекциясы басшысының қызметкерін ұрып-соққаны видеоға жазылған

29 сәуірде Азаттықтың өзбек қызметіне (Озодлик) ер адамның куәгерлердің көзінше, жанында тұрған ер адамды аяғымен теуіп, жұдырығымен ұрып жатқан әрекеттерді көрсеткен видео келген.

Видео жолдаушының жазуынша, бейнежазбада ер адамды соққыға жығып жатқан - Жызақ қаласындағы мемлекеттік салық инспекциясының басшысы Аббасхан Ваккасов және аға инспектор Олим Закиров. Бұл оқиға былтыр қараша айында болған. 34 жастағы салық инспекциясының басшысы Аббасхан Ваккасов жұмысқа мас күйінде келіп, 32 жастағы аға инспектор Олим Закировты аяғымен теуіп, бетінен ұрған.

Бұл оқиғаға бірнеше адам куә болған. Видеода көрсетілгендей, Аббасхан Ваккасов Олим Закировті ұрып қана қоймай, оны көйлегінің жағасынан басқа бөлмеге сүйреп әкетеді. «Аббасхан Ваккасов аға инспектор Олим Закировты салық жинауда жоспар орындалмағаны үшін ұрып-соқты», - дейді видео авторы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1054
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2599
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700