Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4249 0 пікір 3 Мамыр, 2018 сағат 15:08

Пашинян жақтастарын ереуілді уақытша тоқтатуға шақырды

Армения премьер-министрлігіне үміткер Никол Пашинян өзінің жақтастарын наразылық акцияларын уақытша тоқтата тұруға шақырды. Бұған билік басындағы Республика партиясының "халық үміткерін" қолдайтыны туралы мәлімдемесі түрткі болды.

Еревандағы митингте сөз сөйлеген Пашинян бейсенбі күні жаңа қызметке ұсыну мәселесін талқылайтынын айтты. Соған байланысты ол жақтастарын көшелерді босатуға шақырды. Дегенмен оппозицияшыл саясаткер парламенттегі сайлау күні Республика алаңына тағы жиналуға шақырды.​

1 мамырда Арменияның Республика партиясы Пашинянның үкімет басшысы қызметіне тағайындалуына кедергі келтірді. Сайлаудан соң Пашинян "азаматтық мойынсұнбау акциясына шақырған". Ереван көшелеріне жүздеген мың адам шықты.

Сәрсенбі күні Республика партиясы 8 мамырда премьер-министр сайлауында парламенттің үштен бірі ұсынған үміткерге жақтасатынын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 986
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2530
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663