Сенбі, 23 Қараша 2024
4049 0 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 08:47

Қырғыз арнайы қызметі "Бішкекте жарылыс жасаймыз деген ИМ мәлімдемесін" тексеріп жатыр

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "ел астанасына жарылыс жасаймыз" деген экстремистік сипаттағы видеоны тексеріп жатыр. Таяуда "Бішкек билігіне талап" деген видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен.

Қара бетперде киген екі ер адам "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының туы жанында жергілікті биліктен "қарындастары" Мукарам Токтогулованы босатуды талап етіп, әйтпесе "көп қан төгіледі" деген. Видео авторлары "таяу уақытта Бішкекте ғимараттарды жарып, шабуылдаймыз" дейді.

Бірақ мемлекеттік жоғары оқу орнының оқытушысы Мукарам Токтогулованы ешкім ұстамаған. Ол қазір жұмыс сапарымен шетелде жүр екен.

"Видеоға қатысы бар және таратқан адамдарды тексеріп жатырмыз. Мукарам Токтогулова құқық қорғау органдарының не арнайы қызметтің күдігіне түскен емес. Қазіргі кезде Токтогулова жұмыс сапарымен шетелде жүр. Сол себептен видеодағы беймәлім талаптар негізсіз", – деп мәлімдеді арнайы қызметтің ресми өкілі Рахат Сулайманов.

Мукарам Токтогулова дәріс беретін жоғары оқу орны басшылығы бұл оқиғаға қатысты пікірі білдіруден бас тартты. Беделді оқу орнының аталған доценті бір ай бұрын ел назарын аударған. Әлеуметтік желіде Адылбек Жаркин деген азаматтың мәлімдемесі пайда болды. Жас жігіт Токтогуловамен бірге ағылшын тілі курсына барғанын, дәріс кезінде ол оккульттық қауымдастық жайында айтқанын баяндаған.

"Ата жолы" деп аталатын оккульттық-мистикалық қозғалысты теолог-ғалымдар секта деп атайды. Бұл ұйымның іс-әрекеті Қазақстанда тыйым салынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5382