Сенбі, 23 Қараша 2024
3478 0 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 08:48

Уәкіл қырғыз президентінен "Ата Мекен" лидері Текебаевқа рақымшылық сұрады

Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Кубат Оторбаев осы ел президенті Сооронбай Жээнбековтен экс-депутат, түрмеде отырған Омурбек Текебаевқа рақымшылық жасау жайын қарастырып көруді сұрады.

"Уәкіл Қырғызстан конституциясына 25 жыл және Адам құқығы жөніндегі декларацияның 70 жылдығына орай рақымшылық жасауды ұсынады" делінген мәлімдемеде.

Кубат Оторбаевтың пікірінше, Омурбек Текебаевтың кінәсі дәлелденбеген, ал тергеу мен сот процесі сотталушыны біржақты қаралау түрінде өткен.

Бұған дейін кейбір саясаткерлер мен парламент депутаттары да Текебаевтың ісін қайта қарау керек деген пікір білдірген.

Оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев және Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында Ресей кәсіпкерінен 1 миллион доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Былтыр 16 тамызда Бішкектің Первомай аудандық соты Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновты "пара алды" деп айыптап, әрқайсысын сегіз жылға соттаған.

Былтыр 21 қарашада Жоғарғы сот екі саясаткерді күшейтілген режимде 8 жылға соттау туралы аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Сотталушылар өздеріне қарсы істің саяси астары бар деп біледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379