Сенбі, 23 Қараша 2024
Зерттеу 13980 22 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 09:53

Сталин біз үшін кім?

Жақында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Иосиф Сталинге көзқарас» тақырыбында сауалнама жүргізді, деп жазады «Дат-Общественная позиция» гәзеті.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтар Сталиннің тұлғасына бейтарап қарайды. Сауалнама қатысушыларының 39 пайызы «Сталинге деген көзқарасым бейтарап. Тарих беттерінде қалды, біздің қазіргі өмірімізге ешқандай әсері жоқ» деген жауапты таңдады.

Азаматтардың 37%-ы КСРО Иосиф Виссарионовичтің арқасында ірі державаға айналды дейді.

17% қазақстандықтар кеңестік диктаторды жақтырмайды. 10%-ы Сталиннің реформалары, жаппай қуғын-сүргін, халықтарды қоныс аударту шараларының кесірлерінен миллиондағын халық қырылып қалды дейді. Сталиннің қазақ интеллигенциясын қуғын-сүргінге ұшыратқанын, «Алаш» партиясын түп-тұқиянымен жойып жібергенін 7% қатысушы еске алды.

Сонымен қатар, 7% Сталин тұлғасына тамсана қарайды екен. Олар Сталинге «ХХ ғасырдың ұлы саяси қайраткері» деген баға береді.

Жастардың көпшілігі (16-29 жасар қатысушылар) бейтарап позицияны ұстанады, ал аға-буынның жартысының (60-69 жас аралығындағы қатысушылар) пікірінен Сталинге деген өшпенділік байқалмады.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 52%-ы КСРО-ң Ұлы Отан соғысындағы жеңісін Сталиннің ерең еңбектерінің негізгісі деп санайды.

«Ол билік еткен тұста бастауыш білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесі секілді тегін әлеуметтік институттар қалыптасты» дейді 34% қатысушылар.

14%-ы «Сталин КСРО-ны әлемдік масштабтағы әскери индустриялы державаға айналдырды» деген нұсқаны таңдады.

Қазақстандықтардың пікірінше, Иосиф Сталин билік еткен тұстағы ең жантүршігерлік кезең қандай? Қатысушылардың жауаптары теңдей үшке бөлінді.

34% халықты жаппай қоныс аударту ұлт үшін трагендия болды дейді. Бұл жауапты белгілеген қатысушылардың көбі 30-39 жас аралығында.

33%-ы «Күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру 1932-33 жылдардағы қасіретті «Ұлы жұтқа» алып келді» дейді. Бұл жауапты таңдағандардың көпшілігі (41%) – 60-69 жас аралығындағы қатысушылар.

Тағы да 33% қатысушылар Сталиннің 1937 – 1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін мен саяси қудалау кезеңіндегі ұлтқа жасаған қастандығын атады.

Өскелең ұрпақ Сталинизнен қандай ой қорытуы керек деген сұраққа сауалнама қатысушыларының 78%-ы «Біз мұндай қателіктерге жол бермеу үшін, өткен күннің сабақтарын есте сақтауымыз керек» дейді.

Зерттеу қатысушыларының 14%-ы «Тек орталықтандырылған мықты билік қана халықты табысты басқара алады және ауқымды реформаларды жүзеге асыра алады» деген нұсқаны таңдады.

«Бір адамның шексіз билігі жеке тұлға еркіндігінің жойылуына алып келеді» деген қатысушылар – 8%.

Ресейлік кинотеатрларда көрсетуге тыйым салынған «Сталиннің өлімі» фильмін 23% қатысушылар көріпті. Олардың 13%-на француз-британдық әзіл ұнамаған. Ал 10%-ы саяси сатираны ұнатқан. Азаматтардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ 76%-ы, бұл фильмді көрмеген.

Сауалнамаға Астана, Алматы және Қазақстанның өзге 14 облыс орталығынан 16 жастан асқан 1862 адам қатысты.

Олардың 68%-ы әйелдер және 32%-ы ер азаматтар. Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 0,6%-дан аспайды.

Зерттеу әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат. Сауалнама 2018 жылы 8-11 наурыз аралығында жүргізілді. Сауалнама нәтижесі БАҚ-та жарияланады. Жауап берген азаматтардың аты-жөні көрсетілмейді.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377