Сенбі, 23 Қараша 2024
4727 5 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 14:54

Ақберен Елгезек Жастар Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі, Жастар Кеңесінің Төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлының 2 мамырдағы бұйрығымен Жастар Кеңесінің төрағасы Ақберен Елгезек, ал Кеңестің хатшысы болып Қазақстан жазушылар одағының Астана қалалық филиалы директоры Бауыржан Қарағызұлы бекітілді.

Естеріңізге сала кетсек, ұлттық әдебиетімізді және ақындық өнерді қолдау мен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жастар кеңесі құрылған болатын.

Жаңа жасақталған кеңес – өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін құрылған консультативтік-кеңестік ұйым.

Сонымен жастар кеңесі не істейді? Оның құзыреті қандай?

Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңестің негізгі міндеттері - жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру, жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу болып отыр. Сондай-ақ, Жастар кеңесі жастардың түрлі заманауи форумдарға, конференцияларға, жиындарға қатысып, министрліктің шешімдерін талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып жұмыс жүргізеді, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын және тағы басқа да жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылап, шығармашылық қайраткерлермен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді.

Жас ақын-жазушылар кеңесінің құрамына Мақсат Мәлік, Мирас Мұқаш, Мирас Асан, Айбол Исламғали, Қанат Әбілқайыр, Бақытгүл Бабаш, Дархан Бейсенбек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы, Қалқаман Сарин, Бейбіт Сарыбай және тағы біршама елімізге белгілі жас және орта буынның танымал ақын-жазушылары еніп отыр.

 

Abai.kz

 

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379