Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4636 2 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 16:36

Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына 8,17 млрд теңгеге жуық қаржы түсті  

Сәуір айында МСҚ-на 8 млрд 17 млн теңгеге жуық сақтандыру жарнасы аударылды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген жарна көлемі 63,3 млрд теңгені құрап отыр.

Оның ішінде, 54,9 млрд теңге (87% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,4 млрд теңге (13% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682