Сенбі, 23 Қараша 2024
Туған жерге туың тік! 3740 0 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 12:29

Бақауовтар отбасы өздері білім алған мектебіне «Teacher office» тарту етті

????????????????????????????????????

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың отбасы Железин ауданы Жаңа Жұлдыз ауылындағы өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне заманауи мұғалімдер офисін тарту етті.

Аталған іс-шара Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында жүзеге асты..

Айте кетейік, аталған мектеп «Teacher office» ашқан алғашқы Павлодар облысының ауылдық оқу орындарының бірі атанды. Жаңа үлгідегі мұғалімдер бөлмесінде педагогтардың тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған: жиһаз, жаңа компьютерлік техника, сапалы интернет және демалыс бұрышы. Сондай-ақ, түлектердің мерейтой кешіне келген ағайынды және апалы-сіңілі Бақауовтар алтын ұя мектебіне 300 түп қарағайдан тұратын шағын бақ сыйлады.

Жаңа жұлдыз мектебінің әртүрлі жастағы түлектердің сағынышты кездесуі сынып сағатынан басталды. Қатысушыларды Болат Жұмабекұлының өз мұғаліміне деген жылулығы мен махаббатының қаншалықты биік екені тәнті етті. Ол кездесуге Алматы қаласынан Баян Қайыргелдіқызын әдейі шақырған. Өңір басшысы құрмет ретінде алқашқы ұстазына гүлдер мен сыйлық тарту етті.

Ауылдық оқу орынның оқушылары мен мұғалімдеріне арналған дәріс кезінде Павлодар облысының әкімі бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесі көбінесе ұстаздардың даярлығына байланысты екенін атап өтті. Болат Жұмабекұлы «Балаларды заманауи технологияларға үйрету үшін мұғалімдердің өздері өзгерулері қажет, ақпаратты өңдеуді үйреніп, жаңа бастамаларға дайын болулары тиіс. Біздің міндетіміз – педагогтар мен оқушылардың нәтижелі жұмысы үшін барлық жағдайлар жасау», – деп атап өтті.

Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы меценаттарға педагогтар мен оқушылар атынан алғыс айтты: «Біз осындай бағалы сыйлыққа өте ризамыз. Бүгінгі кездесу туған еліне деген патриоттық сезімді іс жүзінде дәлелдеудің, ауылы мен алтын ұя мектебіне қамқорлық жасаудың керемет үлгісі болып табылады», – деді.

Өңір басшысының барлық оқу орындарына мемлекеттік цифрландыру бағдарламасын енгізу мәселесінде педагогтарға үнемі қолдау көрсететінін атап өткен жөн. Ағайынды Бақауовтар білімге жұмсалған қаржы – ең тиімді инвестиция екенін түсіне отырып, өздерінің жеке қаражаттарын да білім беруге бөліп тұрады. Осылайша, 2017 жылы «Мектебіме тағзым» бағдарламасы аясында олар мектепке хоккей кортын, футбол алаңын, тренажерлік аймақ және воркаут алаңын сыйға тартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417