Иран президенті Хасан Роуханидің мәлімдеуінше, АҚШ келісімнің жалғыз мүшесі емес, сол себепті Иран Тегеранмен бірге келісімге отырған қалған алты державаның ұстанымын күткен жөн деп шешкен.
8 мамырда кешкісін Хасан Роухани Иранның көпжақты ядролық келісім жауапкершіліктерін сақтай беретінін мәлімдеді. Егер Иранға келісімге қатысу басқа бір тараппен келісімге келе алса, онда Тегеран 2015 жылғы бұл келісімнен шықпайды, деп мәлімдеді Роухани.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса Трамп "тарихи қадам жасады" деп, АҚШ-қа сол үшін алғысын білдірді. Голан биіктігінде Израиль билігі қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бомбадан тығылу орындары ашық тұр, қорғаныс күшейтілген.
Франция президенті Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, Франция, Германия және Ұлыбритания Вашингтонның бұл шешіміне "өкінеді".
Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!
Abai.kz