Сенбі, 23 Қараша 2024
3550 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 09:53

Канн фестиваліне Қазақстаннан сегіз фильм қатысады

8 мамырда Канн кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді. 19 мамырда аяқталатын шараға Қазақстаннан сегіз кинокартина қатысады.

Негізгі тізімге Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі енген. Бұл киноны Қазақстан, Ресей, Польша, Германияның бес компаниясы түсірген. «Айканы» түсіруге қазақстандық продюсер Гүлнәр Сәрсенова да қатысқан. Ол бұған дейін Дворцевоймен бірге жұмыс істеген.

Канн фестивалінде "Айка" Қазақстан атынан ұсынылған. Ресейлік Сергей Дворцевой Шымкент қаласының тумасы. 1990 жылдары Ресейге көшіп кеткен.

"Айка" - Мәскеуде бала туып, оны перзентханада тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.

Кинофестивальдың "Ерекше көзқарас" номинациясына қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың шартты атауы "11 ықшамаудандағы атыс" деген фильмі қатысады. Махаббат хикаясына негізделген бұл фильм Канн фестиваліне Қазақстан мен Францияның біріккен жұмысы ретінде ұсынылады.

Бұдан бөлек фестивальде режисерлар Ольга Коротко, Венера Қайыржанова, Берік Жаханов, Алма Баймұратова, Әсел Аушакимова және Жаннат Алшановалардың фильмдері көрсетіледі.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458