Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4269 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 09:56

Жээнбеков: Біз Ресеймен бірге күресеміз

Әлем қазіргі таңда жаңа жаһандық қауіп - терроризмге тап болды, онымен күш біріктіру арқылы ғана күресуге болады. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте Жеңіс күні құрметіне арналған сөзінде осылай деп мәлімдеді.

"Біз мұндай зұлымдықпен халықаралық қауымдастықпен бірге, өзіміздің байырғы одақтасымыз - Ресеймен, және Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына мүше мемлекеттермен бірге күресеміз", - деді Жээнбеков.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ел шекарасын Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары, армия командирлері мен сарбаздар қорғап жүр. "Болашақта да біздің Қарулы күштер ұлы Жеңіске бет түзеп отырады", - деді ол.

Президент Сооронбай Жээнбеков Бішкекте "Өшпес полк" шеруіне қатысты. Мемлекет басшысы соғыс жылдарында із-түссіз жоғалып кеткен атасы Жээнбек Пирназаровтың суретін көтеріп алып шықты, деп хабарлады президент аппараты.

9 мамырда Қырғызстанда және бірқатар постсоветтік елдерде Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі - Ұлы Отан соғысының аяқталуын атап өтеді.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2572
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 716
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678