Сенбі, 23 Қараша 2024
4100 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 09:59

Елбасы: Алакөл демалушылар ең көп баратын жерге айналуы керек

Қазақстан Президенті Алматы облысының Үшарал қаласына келгеннен кейін жаңа әуежайдың жұмысымен танысып, облыстың шағын авиация саласын дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.

Мемлекет басшысы Алакөл ауданының Ақши кентіндегі темір жол вокзалының жаңа ғимаратын аралап көрген соң, еліміздің туризм саласын және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиын барысында өңір басшысы Амандық Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысындағы туризмнің даму барысы жөнінде баяндады.

– Соңғы төрт жылда облыста туристік қызмет көрсету көлемі екі есе артты. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,9 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы 8,3 миллиард теңгеге өсті. 2018 жылы мұны 10 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданында көрсетілген қызмет көлемі 2017 жылы 3,5 миллиард теңгеге жетіп, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 8 есе артты, – деді Алматы облысының әкімі.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға қатысты бөлігінің іске асырылу барысы жөнінде баяндады.

– 2017 жылы республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 603 шақырым жол пайдалануға берілді. Жалпы, 2022 жылға дейін 24 мың шақырым жолдың бәрі бір қалыпқа келеді деген ойдамыз, – деді Инвестициялар және даму министрі.

Сондай-ақ, кеңесте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына 2020 жылға дейінгі Алакөл демалыс аймағындағы көліктің қолжетімділік картасын таныстырып, транзиттік тасымалдау ісін дамыту стратегиясының жүзеге асырылуы барысы жөнінде баяндады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ішкі және сыртқы туризмді дамыту жолында барлық кедергілерді жою мақсатымен Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың іске асырылуы, сонымен қатар ЭКСПО-ның тиімді өзгерістерін қолдау үшін министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

– Еліміз туризмнің экономикалық нәтижесін ЭКСПО-ны өткізу барысында нақты сезінді. Сол кезде Қазақстанға 7 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Ішкі туризм легі 20 пайызға өсіп, шамамен 6 миллион адамға жетті, – деді ведомство басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің және туристік кластер нысандарын аралаудың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті ақтарушы органдарға Қазақстанның туризм саласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

– Алакөл Қазақстан бойынша демалушылар ең көп баратын жерге айналуы керек. Ол ыңғайлы жерде орналасқандығымен ерекшеленіп, барлық өңірдің тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Көлдің кереметтігі суының емдік қасиетіне байланысты. Оның құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтер бар. Осыған байланысты Алакөл еліміздің туризм саласы үшін өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450