Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4625 0 пікір 11 Мамыр, 2018 сағат 08:33

Түркіменстанның солтүстігінде өзбек мектебі ашылуы мүмкін

Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашоғыз уәлаятында өзбек тілінде оқытатын жаңа мектепке қабылдануы мүмкін балаларды санау жүріп жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметіне осы уәлаяттағы дереккөздің хабарлауынша, аймақта қазақ және өзбек отбасыларындағы балаларды тіркеу жүргізілді. Бұл ретте мектеп жасындағы балалар ғана тіркеліп, олардың ұлты есепке алынған.

"Түркіменстан президентінің Өзбекстанға ресми сапарынан соң, көпшілігі тіркеудің өзбек мектебін ашу үшін жүргізді деп есептейді. Бұл аймақта өзбек мектебі Ниязов кезінде жабылып қалған", - деп хабарлады тілші. Оның айтуынша, Дашоғызда ұлты өзбек азаматтары басым аймақтар жетерлік.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1026
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 680