Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4087 4 пікір 11 Мамыр, 2018 сағат 08:35

АҚШ Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті

Вашингтон Иранға қатысты санкцияларын кеңейтті. Тиісті құжат АҚШ қаржы министрлігінің сайтында жарияланды.

Санкция тізіміне Ислам революциясы күзетшілерінің корпусына (Иран қарулы күштеріндегі элиталы бөлім) қатысы бар алты адам және үш компания кірді.

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Иранмен ядролық келісімінен шыққанын жариялады. Сонымен қатар ол келісім аясында тоқтаған санкциялар Иранға қайта салынуы мүмкін екендігін ескертті.

2015 жылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция, АҚШ және Иран қабылдаған келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын доғарып, АҚШ пен Еуроодақтың оған салған санкцияларын тоқтатуды қарастырады.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2573
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 716
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679