Сенбі, 23 Қараша 2024
3376 0 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 08:33

Қырғызстанның экс-премьері өзін ұстауға негіз жоқ деп есептейді

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков өзін ұстауға негіз жоқ деп есептейді. 14 мамырда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегі тергеу қарсаңында ол журналистерге осылай деді.

Сапар Исаков 14 мамырда таңертең арнайы қызметке жауап беруге екінші мәрте келді. Ол мұнда өзін не үшін шақыртқанын білмейтінін, бірақ "мұның барлығының түбі қайда апаратынын" түсініп отырғанын айтты.

"Дегенмен, бір нәрсені ғана айтайын: Алмаз Атамбаев пен оның командасы сыбайлас жомқорлықсыз, таза жұмыс істеді. Бұл командада іс басындағы президент Сооронбай Жээнбеков те болды. Алмазбек Атамбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоғын оның өзі де біледі, ол жемқорлықпен күресті өзі бастаған. Сондықтан, мұның соңы жақсылыққа апармайды деп ойлаймын. Меніңше, тергеуге саясат араласпауы тиіс", - деді Исаков.

Сапар Исаков ЖЭС-ті модернизациялауға жұмсалған шығынға халықаралық аудит жүргізуге шақырғанын айтты. Биыл қыста Бішкек ЖЭС-інде апат болып, қаланың көп бөлігі жылусыз қалған соң Қырғызстан билігі станцияны модернизациялауға бөлінген қаржының қалай жұмсалғанын тергей бастаған.

Сапар Исаков бір айда осымен екінші рет ҰҚМК-ге тергеуге шақыртылып отыр. 26 сәуірде арнайы қызметте екі сағат өткізіп шыққан соң ол журналистерге "барлығы жақсы" екенін айтқан.

10 мамыр күні Қырғызстан парламенті Бішкек ЖЭС-і апатын тексерген депутаттар комиссиясының есебін талқылаған. Құжатта 30 шақты шенеуніктің іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, олардың, әсіресе бұрынғы премьерлер Жанторо Сатыбалдиев, Жоомарт Оторбаев, Темір Сариев және Сапар Исаковтың қаншалықты жауап екенін қарау ұсынылған.

11 мамыр күні биліктегі Социал-демократиялық партия (СДП) баспасөз қызметі Сапар Исаковтың Бішкек ЖЭС-ін модернизациялауға қатысты мәлімдемесін жариялаған. Мәлімдемеде "10 мамырда парламентте өткен талқылау - жекелеген саясаткерлердің халықты қорқытып, нағыз кінәлілерді жауаптан жалтарту әрекеті" екені айтылған.

40 жастағы Сапар Исаков премьер-министр болып сегіз ай ғана жұмыс істеп, сәуір айында парламент ол басқаратын үкіметке сенімсіздік білдірген соң отставкаға кеткен. 19 сәуірде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Сапар Исаков үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлық шығарған. Бұл оқиғалардың барлығы іс басындағы президент Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Алмазбек Атамбаевтың арасы салқындай бастағанда болып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511